Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 813

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Әжемнін ертегілері: Қорыққанға қос көрінеді

Кезекті әжемнің айтқан ертегілері айдарында «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісі. Ертегінің басты тақырыбын атынан-ақ білуге болады. Қорқу, шошып кету табиғи құбылыс. Ал біздің ертегімізде бұл құбылыс өте қызықты, тартымды баяндалған. Сол себептен бүгінгі біздің ертегіміздің басты кейіпкерлері кімнен, неден қорқып, ал кейін кімге не көрінгенің білгің келсе, ертегіні соңына дейін тыңда.

0
0
1534

Балаларға базарлық: Ардагер

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Сол сұрапыл соғысқа қатысып, жеңіске жетуге өз үлесін қосқан, өмірлерін құрбандыққа шалып, елімізді, жерімізді қорғаған ардагерлерімізге құрмет көрсету, сыйлау - біздің міндетіміз. Олардың есімі ел есінде мәңгі қалады. Назарларыңызға ұсынылып отырған Серікбай Оспановтың «Ардагер» өлеңі де осы ардагерлердің құрметіне арнап жазылған керемет шығарма.

0
0
189

Ойла: Талас Омарбековтың "Қазақтың шығу тегі"

Зерттеуде қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты бұрын назардан тыс қалып келген деректер талданған.Қазақтарды құраған ру - тайпалық бірлестіктер мен Алаш қауымдастығының ежелгі түркілік тамырлары, олардың мемлекет құрушы ұлтты қалыптастырудағы елеулі үлесі нақты айқындалған. Еңбек тарихшы мамандарға, этнографтарға сонымен бірге Отан тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.

0
0
339

«Кітаптарда демалыс жоқ»

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
189

Балаларға базарлық: Ұя

Балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Яғни біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялап, оған қамқорлық жасаумыз керек. Соның ішінде құстың табиғат үшін де, адам үшін де пайдасы өте көп. Кейбір құстар ағаш діңіндегі құрттарды тұмсығымен шоқып, тазаласа, кейбірі бидай алқабын құрт- құмырсқадан аршиды. Құстарсыз табиғаттың сәні де жоқ. Бірақ құстар да табиғаттағы тазалықты, тыныштықты қалайды. Олар да өз балапандарының қанат қағып, аспанға шырқай ұшқанын көргісі келеді. Ия, балалар сол себептен олардың ұясын бұзып, құстың обалына қалуға болмайды. Серікбай атамыздың балаларға базарлық айдарындағы осы жолғы өлеңі жалпы қандай жағдай болмасын өскен ұя бұзуға болмайтыны жайында айтылады. Сондықт…

0
0
310

Әжемнін ертегілері: Алтын сақа

Кезекті ертегі оқу айдарында танымал «Алтын сақа» ертегісі сендердің назарларыңа ұсынылады. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Ал барлығымызға белгілі «Алтын сақа» ертегісі балаларды ұқыптылыққа, жаңашырлыққа тәрбиелейді. Олармен балалар жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастырады. Әрі ертегі арқылы өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз.

0
0
1289

Қол сағат

Адамдар жазу-сызу білмеген кезде уақытты күнге, жұлдыздарға қарап білген. Кейін заманның дамуына байланысты түрлі құралдармен қатар, сағатты да ойлап тапты. Сағаттың түрі көп: қабырға сағаты, қол сағат, электронды сағат т.б. Біз бүгін оригами әдісімен балаларға арналған қол сағат жасайтын боламыз. Ол үшін бізге түрлі-түсті қағаз, қайшы керек. Бұл сағат тек сәндік үшін ғана емес, кішкентай балаларға уақытты үйренуге септігін тигізеді. Жасалу жолы видеода берілген!!! Сәттілік!

0
0
424

Балаларға базарлық: Дәнсіз қарбыз

Қарбыз – жаз бен күз мезгілінде әр отбасының дастарханынан табылатын дәмді жеміс. Оны ересектер де, балалар да ерекше жақсы көреді. Ал біздің бүгінгі өлеңіміздің тақырыбы да осы тамаша өсімдік жайында. Бірақ бұл өлеңдегі қарбыз дәнсіз дейді. Ол қалай?, ол қандай? қарбыз екенін осы өлеңді соңына дейін тыңдап қана білерсің.

0
0
222