Нұр Домбайжы «Шатақ қыздың шатпақ күнделігі»
Өзінің ішкі дүниесімен ешкіммен бөліскісі келмейтіндердің кейбіреулері оны күнделікке жазады. Олардың өзінің де заман ағымына байланысты түр-түрлері бар.Олар:қағаз, электронды немесе тіпті видео күнделіктер.Күнделік ішкі әлемнің жан құпиясынан сыр шертеді.Сондай-ақ күнделік адамның өз-өзімен танысуға да ықпал етеді.Бірақ біреудің күнделігін оқуға мүлдем болмайды, әсіресе шатақ қыздың.Өйткені,ол: «мына күнделікті менің рұқсатымсыз оқыған адам-шылаушын құртқа айналсын» деп ескерту айтады. Ал шатақ қыздың өзі шашы ұйпа-тұйпа, ханшайымның қандай болатынын да білмейтін, бірақ достары үшін көмегін аямайтын басқаларға мүлдем ұқсамайтын қыз.Дәлірек айтсақ шатақ қыздың қалай өзгеру емес,өзгеру керек деп ант берген қарапайым балалар кітабындағы осындай күрделі тақырыпты автор Нұр Домбайжы керемет ж…








