Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 790

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Челябинск — Қостанай телекөпірі түріндегі орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2023 жылғы 20 ақпанда Ресей Федерациясы, Челябинск қаласының Маяковский атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп «Орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі» онлайн-ойыны өткізілді.Бұл ойынның басты мақсаты көрші мемлекеттердің құрдастары арасында достық және серіктестік қарым-қатынас орнату болды.Біздің қаламыздың және кітапханамыздың намысын № 7 мектептің оқушылары мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатубалдина Валентина Сансызбаевна қорғады. Жас полиглоттар «Шындық немесе өтірік», «Фразеологизмдер», «Мақал-мәтелдер», «Әдеби дауыл» сияқты байқауларда эрудиция мен тапқырлық танытты. Балалар қолшатыр сөзінің голланд тілінен шыққанын, А.С.Пушкин «Салтан патша туралы» ертегісінде «флот» шетел сөзін қолданғанын және т.б. көптеген жаңа нәрселерд…

0
0
710

«Қолғапты безендіреміз»

Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына «Қолғапты безендіреміз» -деген атаумен шеберлік сабағы өткізілді. Балалар қолғаптардың тарихы көптеген ғасырлар бойы болғанын білді. Бұл қолғаптар қолды суықтан қорғау үшін әрқашан қыста киілетін. Ал ол әдемі болу үшін қолғаптарды әрқашан безендірген. Міне, қараңыздар біздердің де сәнді қолғаптарымыз.

«Украшаем рукавичку» - под таким названием для ребят из детского центра по оказанию специальных услуг был проведен мастер-класс. Дети узнали о том, что история варежек насчитывает уже немало веков. Эту одежду для рук носили всегда в зимнее время, для того чтобы оберегать руки от холода. Ну, а для того, чтобы это было красиво, варежки всегда украшали. Вот что у нас получилось.

0
0
847

Санжар Керімбай “Өмірге ғашық болу”

Кітап 2018 жылы жарық көрді. Kітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор логотерапия ғылымындағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Франкл, Юнг сияқты психологтардың идеясын, негізгі ойын қарапайым түсінікте баяндайды. Бұл кітап, әсіресе, жасөспірімдердің қатты қызығушылығын тудыратын шығармалардың бірі. “Өмірдің мәні не?” деген сұраққа автор өте қарапайым жауап береді.

0
0
1097

Балалар өлеңдерінің тамшылары

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.Құрастырған Зоя КенжигаринаСуретші Оксана Франко-Косинская2022ж.Келесі беттен осы жас талантты қаламгерлердің туған жерін біле аласың...#Жас_қаламгерлердің_өлеңдері#Заманауи_балалар_жазушылары#Балаларға_арналған_өлеңдер#Балалар_арналған_тақпақтар#Өлеңдер_күнтізбесі#Балаларға_арналған_өлеңдер_күнтізбесі#Балалар_күнтізбесі#2023_жылға_арналға…

0
0
826

Асхат Өмірбаев «Ең үздік ертегіші»

Жазушының қиял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Ертегілер мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған. Үш бөлімнен тұратын заманауи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамаша базарлық боларына сенім мол.

Бұл кітапқа енген ертегілер отанды сүюге, туған жерді аялауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретеді. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулып, достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық, жақсылыққа ұмтылу, тәлім-тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге — құрмет, кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар.

0
0
1038

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдыңмерейтойлары» хронограф «Дружные ребята» газеті

Қазақстанда тұңғыш орыс тіліндегі балалар газеті 1933 жылы құрылған. Газетке кішкентай-журналистер өздерінің өлеңдер, ертегілер, қызықты оқиғаларын жібере алады. Газет ұжымы жұмысын бастағаннан бастап көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Бірақ, соған қарамастан өзінің жас буын оқырмандарын тыстаған емес.

0
0
901

Назар аударыңыз! Байқау!

Республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі офлайн форматта 2023 жылдың 27 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

5-7 сынып оқушыларын байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқаудың облыстық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен қатысушы 06.03.2023 жылы сағат 15.00-де ZOOM платформасындаонлайн-форматта өтетін Республикалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Онлайн байқаудың 5 үздік қатысушысы Астанаға Республикалық байқаудың финалына шақыру алады.

Финал 15.03.2023 ж. 15.00-деАстана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында офлайн форматта өтеді.

Облыстық іріктеу кезеңінде қатысу мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады

(8 714) 2 54-11-61 Шынар Тулегеновна

#шәкәрімоқулары

0
0
920

«Ән-жырым саған, туған ел»

Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаевқа – 75 жас. Алтынбек Қоразбаевтың халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндері тарихи керемет әндер болып қала береді.

0
0
631

Балалық шағымыздың жазушысы - Марат Қабанбай

Аса құнды туындылар жазып, бала әдебиеті мол қазына қалдырған – Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының иегері, сондай-ақ бірталай дәрежелі сыйлықтарына ие болған қайталанбас тұлға.Жазушының дарынын ашып, талантын шыңдаған «Арыстан, виоленчель, мен және қасапхана» хикаяты «Детская литература» баспасынан жарық көрді. Одан әрі Еуропа оқырмандарының назарына ілікті. Германияда «Қарлы құйын» деген атпен неміс тілінде жарық көрді. Асыл мен жасықтың ара жігін жазбай танитын Батыс жұрты құм ішінен алтынды сүзіп алды. Сөйтіп, бұл шығармаға зор ықылас танытып, балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік хикаят ретінде халықаралық Г. Х. Андерсен атындағы сыйлық берілді. Шындығына жүгінсек, Марат Қабанбай мұндай мәртебелі сыйлықты иемденген берісі қазақ, арысы исі тү…

0
0
781

Жаңа кітап – жаңа әлем = Открой книгу - открой Казахстан: электронная выставка

2021 жылы кітапханада Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы бастау алған болатын. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген жазушылар қатысты. Айта кететін болсақ, Әлібек Байбол, Қанат Қайым, Ксения Земскова және қостанайлық жазушы Александра Суслова. Ұсынынып отырған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітап көрмемізде 2021 жылы байқауға қатысқан барлық автор - финалистерімен және байқаудың нәтижесі – «Таза бұлақ» жинағымен таныса аласыздар. Бірінші маусымның жеңімпазы - Көкшетау қаласының тумасы Дана Жантемірова. В 2021 году в библиотеке стартовал республиканский конкурс на лучшее литературное произведение для детей и подростков имени Ибрая Алтынсарина. В нём приняли участие многие писатели со всей страны: Алибек Ба…

0
0
769