Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 786

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

#Кітапхананың_мерейтойы

#Қызықты_оқиғалар #Кітапхананың_мерейтойы #65_жыл #Ыбырай_Алтынсарин_атындағы_кітапхана #А_Гайдар_атындағы_балалар_кітапханасы #Жасөспірімдер_кітапханасы

#Славные_истории #Юбилей_библиотеки #65_лет #Библиотека_имени_Ибрая_Алтынсарина #детская_библиотека_имени_А_Гайдара #Юношеская_библиотека

0
0
543

«Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауының финалы

«Сөз құдіреті» - тарихы бар байқау. 10 жылдан бері он екі-он үш жастағы балалар қазақстандық және шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінділер оқуда жарысып келеді.Байқау "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы аясында өтіп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған.Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:«Мұра» - Орынтай Айзере, Қостанай ауданы;«Әртістік шеберлігі үшін» - Квинт Жасмин, Денисовска ауданы;«Ерекше таңдау» - Әжғалиева Нұрай, Қостанай қ.;«Үздік бейне» - Мукомолов Константин, Қарабалық ауданы;«Шығармашылық эссе» - Зубаль Даниил, Қостанай қ.Байқау жеңімпаздары:1 орын - Адай Бекарыс, Науырзым ауданы;2 орын - Алдамұратов Азат, Лисаков қ.;3 орын - Абжан Нұрикамал, Арқалық қ.Байқаудың демеушісі "Баян Сұлу" конд…

0
0
585

Имена на все времена: Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов

Халқына бейнелеу өнерінің негізін салушы, кескіндемеші, портретист, пейзажист, карикатурашы, актер, режиссер ретінде кең танылған Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов. ҚКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960), ҚКСР-нің Халық суретшісі (1985), «Еңбек Қызыл Ту» және «Қүрмет Белгісі» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері.

0
0
476

Халық батыры

Халық қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай № 18 мектеп-гимназиясының 9 "А" сынып оқушыларына арналған "Халық батыры" арнау кеші өткізілді.

Тарих пәнінің мұғалімі Қуатбаева Айгүл Серікбайқызы ұлт-азаттық қозғалысымен танысу барысында оқушылардың назарын А.Имановтың өміріндегі оқиғаларды ашатын танымдық бейнероликтерді пайдалана отырып, көтерілістің негізгі сәттеріне аударды. Іс-шара соңында тест тапсырмаларын шешу түрінде кешіміз қорытындыланды.

0
0
474

«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары» хронограф Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл

23 сәуір екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толып отыр. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығарманың авторы.

0
0
1029

Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде»

Кітапта ағылшын жазушысы Ж.Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегі балалардың тіліне ыңғайлап, ықшамдап берілген. Мұнда Гулливердің басынан кешкен қызықты оқиғасы бейнеленеді. Бұл кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген екен. Соны қайта өңдеп, ұсынып отыр. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналады.

0
0
755

Проза шежіресі

Біздің кітапхана 65 жылдан бері оқырмандарына кітап таңдауға көмектесіп келеді. Жаңа кітаптар үнемі түсіп тұрады. Кітаптардың көп болғаны жақсы, бірақ өзіңе «міне менікі» деген кітапты таңдау қиын. Сондықтан оқырмандарымызға көмектесу үшін біз МИФ баспасынан (Манн, Иванов және Фербер) Проза шежіресін қарап, оны өз қорымызға сәйкестендіріп, жасап қойдық.

Бұтақтар – бұл тақырыптар, жанрлар, бағыттар. Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Әр бұтақта біздің кітапхананың көптен бергі тұрғындары мен жаңадан келген кітаптар да бар. Сізге кез келген кітаптан бастасңыз болады. Ағашқа сіз оқыған немесе енді оқығыңыз келетін тақырып бойынша кітаптарыңызды қоса аласыз. Бұл ағаш сіздің көмегіңізбен өседі, келіңіз және оны толықтырыңыз.

0
0
756

«Таңғажайып Шоко»: Жазушы Рүстем Сауытбаймен онлайн-кездесу

Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандар жазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

0
0
797

«Жыл он екі ай»: 4 мезгіл басылым беттерінде (бейнеақпарат)

Жыл мезгілдері төрт маусымға бөлінеді-көктем, жаз, күз, қыс, әрқайсысында үш күнтізбелік ай. Мұны біз бала кезімізден білеміз және әр маусымда оған тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өзіншекеремет екенін мойындау қажет.

Бұл бейнебаяндарда қазіргі таңда көпшіліктеріміздің біле білмейтін немесе ұмытылып келе жатқан әр мезгілге байланысты бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған ырым-жоралғылары жинақталған.

Ақпараттар балалаларға арналған «Жыл он екі ай» журналының беттерінен алынған.

0
0
743

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022ж.

#Жас_қаламгерлердің_өлеңдері

#Заманауи_балалар_жазушылары

#Балаларға_арналған_өлеңдер

#Балалар_арналған_тақпақтар

#Өлеңдер_күнтізбесі

#Балаларға_арналған_өлеңдер_күнтізбесі

#Балалар_күнтізбесі

#2023_жылға_арналған_күнтізбе

#Балаларға_арналған

#Күнтізбе

0
0
329