«Jas Otan» медицина қызметкерлерін қолдау акциясын бастады
«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты медицина қызметкерлеріне иммунитетті көтеретін азық-түлік топтамасы бар «алғыс пакеттерін» тарататын «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясын іске қосты. «Біздің 100-ден астам волонтерлар осылайша бірнеше апта бойы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсететін болады. Осы акция арқылы біз азаматтарымыздың өміріне араша түсіп жатқан «ақ халатты батырларға» мейірім көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенділер осы уақытқа дейін 30 инфекциялық аурухананың жүмысшысыларына мың жарым «алғыс пакетін» таратты. Осымен қатар, осындай акциялар бүкіл елімізде өткізіледі. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар медицина қызметкерлерін бір ай бойы қымыз…