Эдип патша - Альбер Камю - Альфред Хичкок: қылмыс және жаза трактаты
Қылмыс және жаза... Жазмыш әлде Қорқыныш?!...Жазмыш алдындағы қорқыныш туралы не білесіз? Әрине, әркімнің өз хикаясы бар. Әзірге мына әңгімеге назар аударып көріңіз...Әлқисса, Ежелгі грек аңызына айналған Фив қаласында Лай есімді патша билік құрыпты. Күндердің күнінде патша ай десе аузы, күн десе көзі бар, сұлу Иоакастеге ғашық болып, үйленуді ойлайды. Қырық күн той, отыз күн ойын өткізіп, сүйіктілердің шаңырақ көтергеніне біраз уақыт өтеді. Жалғыз ғана сәбиге зар Лай мен Иокаста Аполлонның бір көріпкелінен бал ашып беруін өтінеді. Көріпкел оракул Иоакастаның аяғы ауыр екенін айтып, келешекте дүниеге келетін нәресте ер жетіп, әкесін өлтіріп, анасына үйленеді деп болжам айтады. Көріпкелдің сөзін көңіліне алған Лай баласы дүниеге келген күні оны қызметшілердің біріне беріп, шаһардан алыс же…