«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді.⠀
Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде партияның сайлауалды күн тәртібін талқыладық.⠀Таяудағы 5 жылда «Nur Otan» облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр.⠀Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда.⠀Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқыладық.⠀«Nur Otan» партиясы өңірде 83 мектеп салу мен күрделі жөндеуді қамтамасыз…