aktau.nurotan.kz
@aktau.nurotankz
Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
рейтинг
250
жазбалар
2 642
пікірлер
0
тіркелуші
23
жазылымдар
59
Бүгін халықаралық мүгедектер күні
"Жастар Отанға" 2025 жастар бағдарламасы талқыланды
"Жастар Отанға" 2025 жастар бағдарламасы талқыланды
⠀
@jasotan_mangystau ұйымдастыруымен облыстың белсенді жастарының және "Yessenov Universitety" студенттерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізілді.
⠀
Кездесу барысында жастар қанатының төрағасы @magdatov.n.s бағдарламаның бағыттары, өңірлер бойынша дайындалған жол картасы туралы ақпараттармен бөлісті.
⠀
Кездесу барысында жастар өз сұрақтарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы туралы
Наурызбек Серікұлы: Ел тірегі Елбасы!
@jasotan_mangystau төрағасы Н.С.Мағдатов пен жастар қанатының волонтері Ж.Исахан @mangystautv.kz телеарнасының "Орта толсын" бағдарламасында қонақта болды.
"Қазақ елінің тарихы, егемендігі туралы сөз қозғалса Елбасының да аты міндетті түрде айтылады. Елбасының көрегенді саясаты, болашақты жоспарлауы, қиын сәтте елді алға сүйреп, бүгінде дамыған елдердің қатарына қосуы - бұл ерен еңбектің көрінісі" деді төраға Н.Мағдатов ⠀ "Биыл волонтерлер жылы. Осы жылда волонтерлер үшін мемлекет тарапынан бастамалар басталды. Волонтерлік енді еңбек кітапшасына жазылады. Бұл мен сияқты көптеген волонтерлер үшін қуанышты жаңалық болды" дейді волонтер Исахан Жәнібек. ⠀ Бағдарламаға қатысқан конақтар көрермендерді мерекемен құттықтады. #NurOtan #Jasotan #JasOtanMangystau
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
https://assembly.kz/ank/obshchaya-informatsiya/deyatelnost/

Ақтауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында "дөңгелек үстел" өтті
Ақтауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында "дөңгелек үстел" өтті30 қараша күні Ақтау қаласындағы №23 орта мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері, мектеп басшылығы мен жас педагогтары қатысты."Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушыларды мерекемен құттықтап, Тұңғыш Президенттің ел өміріндегі рөлін атап өтті.- Еліміздің барлық маңызды жетістіктері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Оның стратегиясын іске асырудың арқасында ішкі тұрақтылық сақталып, тиімді экономика құрылды. Ең бастысы - осы тұрақтылықты, бейбітшілік пен бірлікті сақтау, - деп атап өтті Е.Әбілов.Сондай-ақ, Е.Әбілов жастардың оқуы мен жұмыс іст…
Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды
Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылдыТұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші партияның қатарына түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты қазақстандықтар қосылды.Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Nur Otan» партиясына бүгін барлығы 1,5 мыңға жуық азамат кірген.Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстай отырып, «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін атап өтті.«Елбасының мұқалмас ерік-жігері мен қайсар қажырлығы біздің бәріміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де әрдайым Отанға қызмет етудің теңдессіз үлгісі болады. Тұңғыш Прези…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы туралы сөзінен#NurOtan