Қазан батыр атындағы ауылда
«АҚШ-тан» шығып, ескі оғыз тайпасының алып батыры Қазанның есімімен аталатын, Мұрат батыр ұрпақтары қоныс тепкен, Қызан аулына көлік басын тіредік. Бұл елден де талай тұлғалар шыққан: ел билеген Қожық, Сармыс, ұстаздық еткен Түйте ахун, Бектілеу ишан, «Қырымның қырық батыры» жырын жатқа жырлаған Мұрын жырау, палуандар Басығара, Қызанбай, Құлшық, Марқабай, алты алашқа аты белгілі ақын Светқали Нұржан және басқалар.Қызандағы ағайындарда Маңғыстаудың «нестандартный» тұрғындарының бірі. Бір қисайса, до конца қисайып қалады. Қанша дегенмен де қан жібермейді ғой)).Ініміз Төлегеннің үйіне түстік. Үйде, біз келеді деп ауыл азаматтары Серіков Сейтек, Төлеуов Қойхан, Ізімбердиев Қадір күтіп отыр екен, көп ұзамай Аманов Әлімбай ағамыз да келді. Аман-саулық сұрасқасын, Әлекең елдегі жағдайды айтып, а…
















