Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазан батыр атындағы ауылда

«АҚШ-тан» шығып, ескі оғыз тайпасының алып батыры Қазанның есімімен аталатын, Мұрат батыр ұрпақтары қоныс тепкен, Қызан аулына көлік басын тіредік. Бұл елден де талай тұлғалар шыққан: ел билеген Қожық, Сармыс, ұстаздық еткен Түйте ахун, Бектілеу ишан, «Қырымның қырық батыры» жырын жатқа жырлаған Мұрын жырау, палуандар Басығара, Қызанбай, Құлшық, Марқабай, алты алашқа аты белгілі ақын Светқали Нұржан және басқалар.

Қызандағы ағайындарда Маңғыстаудың «нестандартный» тұрғындарының бірі. Бір қисайса, до конца қисайып қалады. Қанша дегенмен де қан жібермейді ғой)).

Ініміз Төлегеннің үйіне түстік. Үйде, біз келеді деп ауыл азаматтары Серіков Сейтек, Төлеуов Қойхан, Ізімбердиев Қадір күтіп отыр екен, көп ұзамай Аманов Әлімбай ағамыз да келді. Аман-саулық сұрасқасын, Әлекең елдегі жағдайды айтып, аттың басын жіберді. «Басты мәселе су тапшылығы, адамға да, малға да қолайсыз. Мал жайлатын жер тар, соңғы жылдардағы қуаңшылықта шаруашылықты қиындатып тұр» деді.

Ауыл ішіне асфальт жол салынып, жақсы болып қалыпты. Енді Шетпеден келетін көлік жолының 25 км шақырымы асфальтталса дұрыс болар еді деді азаматтар.Nur Otan партиясының бағдарламасын, Маңғыстауда су мәселесін қалай шешуге болатынын айтқаннан кейін, Әлімбай ағамыз «Еділ, су мәселесіне байланысты біраз нәрсені біледі екенсің, айтып отырған ұсыныстарың қонымды екен. Ел азаматтарын сайлауға барамыз» деді.

Қызанмен де қоштасып, Ақтауға қозғалып кеттік.

Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Қазан батыр атындағы ауылда - Yvision.kz