Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті ең бірінші таңдау
Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттердің басын біріктіреді. Ұлттық Университетте оқып, білім алу көптеген өскелең ұрпақтың арманы. Жыл сайын ең үздік оқушылардың таңдауы ҚазҰУ-іне түсуінің бірнеше себебі бар. Олар ең алдымен білім сапасы, ҚазҰУ имиджі және студенттік өмір мен студенттік қалашық.Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті білім сапасы бойынша Қазақстанның үздік университеттерінің қатарына ғана кіріп қоймай, әлемнің ең үздік университеттері тізіміне енген елеулі білім ордасы. Бұл орда өзінің ғылыми жетістіктері мен үздік оқытушылар құрамымен танымал. ҚазҰУ-інің әр студенті өз мамандығы бойынша білім алып қана қоймай, түрлі іздемпаздық жұмыстар мен қосымша үйірмелер арқылы өз білімін шыңдап, жаңа қырларын дамытуға мүм…