Мазмұнға өту
akorda

akorda

Сайтта 2019 ж. 26 желтоқсан

Аккаунт является кросспостингом официального сайта Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/

рейтинг

251

жазбалар

378

пікірлер

0

тіркелуші

19

жазылымдар

0

Си Цзиньпин Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту жөнінде сөз қозғады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға ниет танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді Оның айтуынша, Бейжің қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты серіктестігін тереңдетуге айрықша мән береді. – Араға екі ай салып қайта жүздесіп отырмыз. Бұл қытай-қазақ қатынастарының деңгейі жоғары әрі ерекше сипатта екенін көрсетеді. Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай – Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай – Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықарал…

Президенттің China Daily газетіндегі мақаласы: Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігі

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі») атты мақаласы жарық көрді. Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.

Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана.

Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.

Мақалаға сілтеме: https://www.chinadaily.com.cn/a/202508/30/WS68b230f7a3108622abc9dea5.html

Заң үстемдігі: Қоғамдық тәртіп пен дамудың негізі

«Заң үстемдігін қамтамасыз ету – біздің стратегиямыздың ең маңызды қағидасы. Бұл – өркениетті және озық қоғамның басты өлшемі. Қоғамымызда заң мен тәртіп сақталмаса, ешқандай жетістік пен ілгерілеу болмайды, бұл – анық нәрсе. Заңды сыйлайтын ел қашанда берекелі болады. Сондықтан мен әр сөзімде заң мен тәртіптің маңызын ерекше атап өтіп жүрмін. Басқаша айтқанда, бұл – бізге дәстүрлі болмысымызды өзгерту қажет деген сөз. Заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну ұлтымыздың қанына сіңіп, қасиетіне айналуы қажет. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзі қазіргі таңда аса өзекті. Сондықтан заңды қасақана бұзатын азаматтарға, қоғамдық тәртіпке және тұрақтылыққа кері әсер ететін әрекеттерге міндетті түрде құқықтық баға беріледі. Мектеп қабырғасында, жоғары о…

Жаңарған Конституция: Мемлекеттік саясаттың жаңа бағыты

«Жалпы айтқанда, біз мемлекеттік саясатта терең өзгеріс жасадық. Конституциялық реформа осы ауқымды жұмыстың берік құқықтық арқауы болды. Сол арқылы саясатта, экономикада, әлеуметтік салада, сот жүйесінде «Әділетті мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға жол ашылды. Конституцияда жер және барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені айқын көрсетілген. Осы қағидатты іс жүзінде орындау үшін маңызды шаралар қабылданды. Менің тапсырмаммен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы әзірленді. Қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы балалардың арнайы есепшотына жіберілетін болды. Былтырдан бері Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлінді. Бұл – жас ұрпақтың болашаққа нық сеніммен қарауына мүмкіндік беретін мемлекетіміздің өте маңызды шешімі. Мұның бәрі – жаңарған Конституцияның ж…

Конституция: Қазақстан халқының болашағы мен бірлігінің негізі

«Конституция әрдайым адам құқығының темірқазығы болуға тиіс. Бұл – мемлекет саясатындағы бұлжымас қағида. Конституциямыз алдағы уақытта да халқымыздың жарқын болашағына жол ашатын ең басты құжат болып қала бермек. Ата заң еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуды, сондай-ақ заңды мүлтіксіз сақтау және адал азамат идеологиясын ілгерілетуді көздейтін жаңа қоғамдық келісімнің айқын нышанына айналды. Заң үстемдігі – әділетті қоғам құруға және азаматтарымыздың берекелі өмірін қамтамасыз етуге апаратын төте жол. Сондықтан тағы да қайталап айтамын: еліміздің барлық азаматтары заңды құрметтеп, сақтауы керек. Қазақстанның заңгерлер қауымдастығы азаматтарымызға Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіріп, Заң мен тәртіп қағидатына сай қоғамдағы әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарауға үндеуі қа…

Заманауи технологиялар мен конституционализмнің өзара байланысы

«Геосаяси тұрақсыздық белең алып, технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезеңде заңнаманы ұдайы жаңғыртудың маңызы зор. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект мемлекет пен қоғамды өркендетудің мүлдем жаңа ұғымдары мен тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті. Көптеген елде адамның рөлі мен орны, жалпы оның постгуманистік әлемде тіршілік етуі жөнінде қоғамдық және парламенттік пікірталастар қызу жүріп жатыр. Биотехнологияның жедел дамуы да біраз сұрақ туындатады. Оның салдары күрделі құқықтық коллизияға және қалыптасқан этикалық нормалардың ескіруіне әкеліп соғуда. Заң шығарушылар халықаралық құқық жүйесін қайта құру арқылы өз елінің егемендігін сақтау міндетімен бетпе-бет келеді. Сондықтан конституционализм ешқашан бір орында тұрмайды. Ол заң шығару үдерісімен тығыз байланысты.…

Қазақстанның болашағы: Конституция, еркіндік және даму жолында

«Ұлт заңы – Конституциямыздың жасампаздық күші зор. Өйткені Ата Заңның әр бабында барша азаматтарымызға ортақ құндылықтар мен біртұтас халқымыздың мақсат-мүддесі бар. Конституциялық, саяси, экономикалық реформалардың, халқымыздың орасан зор күш-қуаты мен әлеуетінің, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласына салынған ауқымды инвестициялардың арқасында елімізде шын мәнінде жақсы өзгерістер жасалып жатыр. Жақсыны жақсы деп айту керек. Бұл да әділеттілік көрінісі. Оқушыларымыз бен студенттеріміз беделді халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Спортшыларымыз әлемдік сайыстарда жеңімпаз болып, еліміздің мерейін асыруда. Алдына нақты мақсат қойған азаматтарымыздың бәрі білім, ғылым, өнер, бизнес және басқа да көптеген салада табысқа жетуде. Қазақстан халықаралық қауымдастыққа ашық мемлекет…

Тоқаев пен Иордания Королі АХҚО-ны аралап, 17 миллиард доллар инвестиция туралы білді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

t.me/aqorda_resmi

Тоқаев Молдова Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты оданәрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады: ШЫҰ саммиті және маңызды кездесулер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

t.me/aqorda_resmi