Мазмұнға өту
akorda

akorda

Сайтта 2019 ж. 26 желтоқсан

Аккаунт является кросспостингом официального сайта Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/

рейтинг

251

жазбалар

378

пікірлер

0

тіркелуші

19

жазылымдар

0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сталиндік репрессия кезіндегі қазақ халқының қасіреті

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз.

Өткен ғасырда Кеңес Одағына қарасты көптеген халық талай қиындықты бастан өткерді. Соның ішінде қазақ елі де зобалаң жылдардың тауқыметін тартты. Күшпен ұжымдастыру науқаны кезінде мал-мүлкінен айырылды. Жұртымыз алапат аштықтан қынадай қырылды, көп адам жан сауғалап, шетел асып кетуге мәжбүр болды.

Сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланды. Мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталды, сотсыз атылды. Ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылды».

t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Хорватия Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Джорджа Мелонидің Қазақстанға ресми сапары: Астанада салтанатты қарсы алу

🇰🇿🇮🇹 Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
106

Қазақстан миграция саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады ➤ AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті. Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты. Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орт…

Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық: Тоқаев министрмен кездесті

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруиді қабылдады ➤ Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен кездесті. Президент Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен ЗаидӘл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алды. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Сухейл әл-Мазруи Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазруи жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде…

Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық нығайтылуда

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады ➤ Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті. Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Бұл экономикалық байланыстарды нығайтуға тараптардың ортақ ұмтылысын байқатады. Мемлекет басшысы осындай оң динамиканы сақтау қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз б…