«Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің жылдық жұмысы қорытындыланды
Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жетекшісі Қанат Мусин 10 жыл ішінде Заң кеңесі заңнамалық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау мен әзірлеу үшін тиімді алаң болғанын айтты.Кеңес төрағасы 2020 жылы атқарылған істерді қорытындылай келе, 8 отырыс барысында Әкімшілік іс жүргізу кодексі жобасының қолданыстағы ережелері, Қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру мәселелері, экологиялық заңнаманың жаңашылдығы, шағын және орта бизнесті заңнамалық қолдау мәселелері талқыланды деп атап өтті.Атап айтқанда, қазан айында Экологиялық кодекс жобасын талқылау қорытындысы бойынша Құқықтық кеңес 13 ұсыным әзірлеп, Үкіметке жолдаған, оның 4-уі заң жобасында ескерілді.Құқықтық кеңестің биылғы кеңейтілген қорытынды жиыны па…






