Балаларды tumblr-ге жолатпаңдар!!!
Сән ешкашан бір орында тұрмайды. Ол адамдардың жүрегін жаулап алып, күнделікті өмірін толықтай өзгерте алады. Бірақ бір кездерде сән сананы теріс жаққа бұрып, тұлғаны бұрыс жолға тайдырады. Қазіргі күндерде Tumbler деген әлеуметтік желі бүкіл әлемге зу етіп таралды. Tumbler ішінде өнер, спорт, білім, жануарлар, тағамдар, фильмдер, тарих туралы қызықты блогтар бар.Оның ерекшілігі, талғамы, стилі көпшілікке, тіпті кішкентай балаларға ұнайды. Бірақ олар Tumbler-дің мәнін мүлдем түсінбейді. Олар әйгілі блогерлерге ұқсағысы келіп, мыйға қонбайтын істерді жасауда: бет әлпетіне түрлі түсті жапсырмаларды желімдеп, мойына чокер киіп, кактуспен құшақтасып, тіліне жылтырақтарды себіп суретке түсіріледі. Менімше бұл нағыз ақылсыздық! Біздің балаларымыз, болашағымыз осындай бишара нашарға қалай жетті…