Тенгри ФМ радиосының туған күні!
Кеше Тенгри ФМ радиостанциясының туған күні болды. Бұл мерекені тойлауға Алматы Тауэрсқа мыңдаған адам жиналыпты. Жалпы алғанда, бұл іс-шараның ұйымдастырылуы, көлемі және жиналған адамдар саны мені таң қалдырды. Шынын айтсам, сонша көп адам болады деп ойламаппын. Чайф тобы келгеннен кейін сахнаға жақындау (ал сахнаның жанында тұрсаң қозғалудың өзі) тіпті мүмкін болмай қалды. Құрбыммен сағат сегіздерде келсек, кіре берісте адамдар көп екен. 1 жылдық мерейтойымен Тенгри ФМ-ды құттықтау үшін қазақстандық Мотор-Роллер (Алматы), МайОлиКа (Петропавловск), Асем (Алматы), Blues Motel (Алматы), Мартини (Астана), Jazz Voda (Шымкент), Па Кампасам (Алматы), Субкультура (Усть-Каменогорск), Angry Ants (ex-Lucky Wheel, Алматы), Лабастерхэб (Павлодар) рок орындаушылары жалынды өлеңдері мен гитараларын а…