Ақпараттық хабарлама
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халыққа білікті заң көмегінің сапасын арттыру шараларын іске асыру аясында «Заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын күн сайын өткізуде. Заң жобаларында заң қауымдастығы өкілдерінің құқықтық мәртебесін нығайту, соның ішінде адвокаттар, заң кеңесшілер, нотариустар, жеке сот орындаушыларының құқықтық көмек көрсету субъектілерінің кәсіби біліктілігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуді, әлеуметтік осал топтағы тұлғаларға, қиын өмірлік жағдайға тап болған және т.б. тегін заң көмегін көрсету көзделеді. Осыған орай, Заң жобаларына қатысты ұсын…