2017 жылы елден қанша қазақстандық көшіп кетті
Комитет мәліметі бойынша, 2017 жылдың 12 айында Қазақстаннан 37 704 адам көшкен, олардың 35 680 ҚР азаматтары, деп хабарлайды tengrinews.kz. Барлық кеткен адамдардың 87 пайызы немесе 32 875 адам Ресейге қоныс аударған. Сонымен қатар, Германияға – 2 960 адам, Белоруське – 288 адам, АҚШ – 284 адам және Израильге – 127 адам қоныс аударған. Ал елге келген адамдар статистикасын қарайтын болсақ, 2017 жылы 16 081 адам Қазақстанға қоныс аударған, олардың 11 596 ТМД елдерінен және 4 мыңы басқа елдерден келген. Қазақстанға ең көп Өзбекстаннан – 5 196 адам, Ресейден – 4 383 адам және Қытайдан – 3 204 адам қоныс аударған.Еліміздің ішінде басқа өңірлеріне ең көп Жамбыл облысы тұрғындары қоныс аудаған, олардың саны – 16 918 адам, одан сәл азырақ Оңтүстік Қазақстаннан – 14 612 адам көшкен. Астана статис…