Мемлекеттік корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жоба іске қосылды
Енді жылжымайтын мүлік объектісінің жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет барсаңыз жеткілікті. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге 2 факті - қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспор…