ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Мемлекеттік тіл-мерейім!

Мен ынтымағы мен татулығы жарасқан Қазақстанда туып,білім алып,еңбек етіп, өз үлесімді қосып жүргеніме өзімді бақытты санаймын.Қазақ халқы көптеген ұлттарды қиын-қыстау кезінде бауырына басып өз төрінен орын бергені тарихтан белгілі.        Ұлты, тілі, діні, салт-дәстүрі басқа деп өзекке  теппей бір атаның ұл-қызындай көрді. Соның жемісі болар, Қазақстанда тіршілік ететін ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бейбіт өмір сүруі осыған дәлел. Мұндай жағдайға жетуге, біріншіден, қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы, меймандостығы себеп болса,екіншіден ,мемлекетіміздің дұрыс жолды таңдауында деп білемін. Елбасымыздың «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ» деп айтқан аталы сөзінің астарында қаншалықты мән-мағына бар екендігін аңғару қиын емес. Мемлекеттік тіл мәртебесі әрбір Қазақстан азаматы үшін қымбат болуға тиіс.     Қазақ тілі шексіз бай, өте көркем тіл. Мемлекеттік тіліміздің көркемдігін пайдалана алмаған адам,нағыз пақыр жан.Сондықтан мен қазақ құрбы-құрдастарыма: «Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,ең алдымен өз тіліңді дұрыста!» дегім келеді.Кейде бойымдағы әлде бір күш серпіліп аласұрғандай болады,қазақ тілі мемлекеттік тіл болса да,қоғам арасында кейбір «саңыраулардың» әлі де болса,осыны сезінбей жүргені жүрегіме батады.Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов  «Кімде-кім өз ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сакатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Олай болса, қоғамның толыққанды,тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек. Қазақ тілі қазақтың ғана тілі емес,барлық қазақстандықтардың ортақ мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілімізді әлемге таныту үшін «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарайық» құрметті замандастар.

«Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорация

КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «ХҚКО»департаментінің

Тараз қалалық №3 бөлім басшысы Ж.Болат