Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Жырақ кеткен бүлдіршіндер

Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақ кеткен бүлдіршіндер бүгінде басқа ананың құшағында, басқа елдің топырағында. Русланның ата-анасы – дәрігер. Русланның анасы Мэриан: «Мен ең алдымен ана бақытын сезінуді қаладым. Сондықтан, бірінші күйеуімді емес, Русланды таңдадым»,-дейді. Ол қазақ бүлдіршінін осыдан 10 жыл бұрын асырап алған. Содан кейін ғана тұрмыс құрған. Ал, Жаннаның әкесі Ричард: «Онсыз менің өмірімнің мәні жоғалар еді. Соңғы сегіз жыл менің ең бақытты дәуренім»,-дейді. Себебі, ол жұбайы екеуі қазақ қызын 50-ден асқанда асырап алған. Бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларын мекен еткен қазақ бүлдіршіндері - Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ 12:10-да «…

0
0
279

«Махаббат кегі» мелодрамасы – Ұлттық арнада

Режиссер Ева Джинның туындысында басты рөлдерді Чжан Цзыи, Бинбин Фань, Со Чжи Соп сомдайды.

Софи – карикатурашы, өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург, әрі сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады. Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды. Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады. Софи енді не істемек? Ол сүйгенін қалай қайтарады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да «Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз.

1
0
847

«Елсіз аймақта» мультфильмін көріңіз

Туынды режиссері – Кюнг Хо Ли.


Көптің бірі емес, елден ерекше болсаң, өмірің қиындай түсері сөзсіз. Сол сияқты, әппақ коала Джонни өзінің ерекшелігінің азабын тартты. Ал, оның үстіне ерекше қабілетті, онда тұп-тура циркке баруға тиіссің. Алайда, көрермен ықыласы тұрақсыз.

Джонни теңдесі жоқ кейіпкер болуды армандайды. Күндердің күнінде дегеніне  жетеді.  Ол үшін бар болғаны жыртқыш иттердің үйірін қуып, тау қопарып, асудан асып, алып жыландарды алдап, тасман құбыжығын тұсаулап, алып қолтырауынды жеңу керек.

Тек осы сыннан өтсе ғана Джонниге сұлу бикештің махаббаты бұйырады.

Режиссер Кюнг Хо Лидің «Елсіз аймақта» туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:05-те көре аласыздар.

0
0
350

Жоғары лига. 1/8 финал. Үшінші топ

Күлкі шеберлерінің өнерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:30-да тамашалай аласыздар.

«Тарих маусымының»  алғашқы ойындары жоғарылигалықтарға тиесілі. Республикалық Жоғары лига сайыстары 1/8 финалының үшінші тобында Шығыс Қазақстан облысынан «Аягөз құрамасы», Алматыдан «Тек қана қыздар» командалары қатыспақ. Сонымен қатар, Атырау облысынан «Сағыз» және Жамбыл облысының «Шу-Чу» құрамалары  көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Күлкі шеберлерінің өнерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
291

Эфирде – «Қара шаңырақ»

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Қара шаңырақ» телехикаясының 6-7-бөлімдерін көріңіз. Бір отбасындағы үш ұл. Үш түрлі мінез, үш түрлі тәртіп, үш түрлі өмір. Әлішер үйдің үлкені болғандықтан, соңынан ерген бауырларына қашанда қамқор. Қолынан келгенінше ата-анасына, інілеріне, жора-жолдастарына көмек беруді ұмытқан емес. Ортаншы ұл Дәулет – қиқар мінезді. Жастықтың буымен түзу жолдан тайған кездері де болған. Әйтсе де, спортқа бейім ол ағасының көмегінсіз-ақ шыңға көтерілуді мақсат тұтады. Ал, үйдің кенжесі Мәди – қара шаңырақтың иесі. Ағаларынан бұрын отбасылы болған ол әкесінің ақылымен ауылдағы жеке шаруашылыққа ие болып отыр. Дегенмен, ол да ұшқалақ мінезінің әсерінен ойламаған жерден қиындыққа тап болады. Ағайындылардың оқиғасын баяндайтын «Қара шаңырақ» телехикаясының 6-7-бөлімд…

0
0
226

Нұржан Аташ «Аяулы арман» фильмінде Сержан есімді кейіпкерді сомдайды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан «Аяулы арман» телехикаясының актері Нұржан Аташ «Шалқар» радиосына сұхбат берді. «Көркем фильм» кинокомпаниясымен түсіріліп жатқан 64 сериялы туынды Ұлттық арна көрермендерінің назарына жыл соңына дейін ұсынылады. Нұржан Аташ 1990 жылы 16 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. «Актерлық - бала күнгі арманым. Бірақ, ата-анамның қарсылығына байланысты басқа мамандық бойынша білім алдым. Дегенмен, араға алты жыл салып, о баста армандаған салама қайта оралдым. Өнерге деген алғашқы баспалдағым - той-думан, мерекелік кештерді жүргізуден басталды», дейді ол. Нұржан Аташ «Аяулы арман» фильмінде бай-қуатты отбасында тәрбиеленген, жеке кәсібі бар Сержан есімді кейіпкерді сомдайды. Бұл - оның кино әлеміндегі…

0
0
893

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бақылау керек пе?

Бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуын көріңіз. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар деп аталатын құрылымына ерекше көңіл бөлінуіне бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі азаматтық қоғамның қаншалықты өсіп-өнгенін және елдегі демократиялық үдерістердің даму дәрежесін айқындап береді. Үкіметтік емес ұйымдардың біздің қоғамдағы алатын орны ерекше болуы тиіс. Бұл құрылымды мемлекеттен бөліп қарауға болмайды. Оның да бүкіл қызметі мемлекеттік, халықтық мүдделермен қабысып жатады. Елдегі бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қызметінің нәтижесі қандай? Одан қазақ қоғамына келер пайда қайсы? Жалпы, мұндай ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу мүмкін бе? Бұл сауалдарға жауапты бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуынан…

0
0
226

«Өнер шежіресі». Кәміл Моллашев

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да біле аласыздар.

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкені үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Тақырып аясы кең, көп жанрлы кескіндеме өнерімен айналысатын суретшілердің бірі Кәміл Моллашев.

Суретшінің шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 12:30-да «Өнер шежіресі» хабарынан көре аласыздар.

0
0
287

«KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

29 шілдеде Финляндияда Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ХИК» клубы елордалық «Астана» командасын қабылдайды. Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.  
0
0
239

Тағдыр тәлкегі

Жақындарынан алшақтап кеткен жандар бүгін «Әйел бақытында» қонақта.

Қоғамда тағдырдың жазуымен бір-бірінен көз жазып қалған жандар баршылық. Бірақ, «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі», деген. Күндердің күнінде олардың да бір-бірімен кездесуі әбден мүмкін. Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында жақындарын жоғалтып алған жандар мен жиырма жыл қызын көрмей, жуырда ғана қауышқан ана қонақта.

Аталмыш оқиғалардың желісі, бейнематериалмен толықтырылып отырады. 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
862