Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Кәсіби аурулар деген не?

Аурудан арылудың жолын білгіңіз келсе бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көріңіз. Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет.…

0
0
1208

Чехия-Қазақстан матчы 2:1 есебімен аяқталды

Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Чехия командасымен кездесті. Алаң иелерінің шабуылынан басталған ойынның 1-ші таймы 0:1 есебімен аяқталды. Матчтың 21-ші минутында Бауыржан Исламханнан пас алған Юрий Логвиненко баспен гол соқты. Ойынның 2-ші таймында чехиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысты. Стас Покатиловтың қақпасын шабуылға алған алаң иелері 73-ші минутта есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Милан Шкода. Ал, мачтың 86-шы минутында Милан Шкода дубль жасап, өз командасына жеңіс әкелді. Осылайша кездесу 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды. Чехия футболшылары Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын екінші рет ұтты. Чехия — Қазақстан 2:1 (0:1) Голдар: Логвиненко 21…

0
0
313

Сауатты жас – салауатты қоғам болашағы

Бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабары осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек. Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Ал, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жастардың діни сауаттылығы. Дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Осы мәселе аясында ой өрбітуге бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабарына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, ф…

0
0
385

Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Азия біріншілігінің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.

Таиланд астанасы Бангокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық кездесулер өтеді. Жартылай финалға Қазақстан Ұлттық құрамасының 7 боксшысы өтті. Олар: Олжас Сәттібаев (52 келі),  Қайрат Ералиев (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалға шықты.

Осылайша құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын 4 және 5 қыркүйек күндері сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
276

Өміріңізді жарқын ететін 6 қадам

Әйел – сұлулықтың символы. Үйде алба-жұлба болып, сыртқа шыққанда сықиып киініп алып, сәнденіп шығу дұрыс па? Біз сіздермен шығынға батырмайтын, әдетке айналдыруға тұрарлық 6 қадаммен бөлісеміз. 1. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Таң сәріден бастаған іс несібелі болып, кеш батқанға дейін біраз шаруаны тындырып тастауға мүмкіндік бар. Ұйқы алдында мына шарттарды ескеріңіз: * Күні бойы шаршағанша жұмыс жасасаңыз, кеш бата салысымен көзіңіз іліне бастайды. * Су күні бойы шаршаған жүйкеңізді демалтады. Жатар алдында шомылып алсаңыз, босаңсып қаласыз. * Дәрігерлердің айтуынша, оң жаққа қарап, тізеңізді сәл бүгіп жатқан дұрыс. Қан айналымына пайдалы, ұйқыңыз да тыныш болады. Ерте тұру үшін не істеу керек? * Жастыққа басыңызды қояр алдында ертерек тұрамын деп ішкі түйсігіңізді дайындаңыз. *…

1
0
522

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 4 саты төмендеді

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) қыркүйек айындағы Ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Рейтингте Қазақастан Ұлттық құрамасы 4 саты төмендеп, 145-орынға тұрақтады. Алғашқы үштік өзгерусіз қалды: Аргентина, Бельгия, Германия.

FIFA рейтингі (3 қыркүйек, 2015 жыл):

1 (1). Аргентина — 1442 ұпайа

2 (2). Бельгия — 1269

3 (3). Германия — 1248

4 (4). Колумбия — 1224

5 (5). Бразилия — 1209

6 (6). Португалия — 1186

7 (7). Румыния — 1176

8 (10). Чили — 1149

9 (9). Уэльс — 1146

10 (8). Англия — 1143

145 (141). Қазақстан — 184

0
0
313

Қостанайдағы «Лидер 2010» сүт зауытының бүгінгі тынысы

Зауыттың қазіргі жағдайы туралы бүгін 19:05-те «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» хабарынан көре аласыздар.

Қостанай облысындағы «Лидер 2010» сүт және сүт өнімдерін шығаратын зауытта өнім құрамы жоғары сапалы шикізатпен байытылып, дәстүрлі әдіспен пастерленеді. Сақтау мерзімі 5 күннен 21 күнге дейін ұзартылып, қолайлы пэт ыдыстарға құйылады.

Еуропалық талапқа сай желі Индустрияландыру картасы бойынша шетелден әкелініп, отандық мамандар арнайы даярланды. Өнім Қазақстанның барша өңіріне және Ресейдің 30 қаласына жеткізіледі.

Зауыттың қуаттылығы қанша? Келешекте қандай асуларды еңсермек? Жалпы,  зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Толығырақ бүгін 19:05-те «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» хабарынан көре аласыздар.

0
0
227

Шай туралы не білесіз?

Шайдың пайдасы мен зияны туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарының қонақтары айтып береді.

Адам баласы сүйсініп ішетін сусынның бірі – кәдімгі шай. Күніне бір мезгіл шай ішпесек, өзімізді жайсыз сезінетініміз бар. Америкалық Алиса Чейз атты ғалым шай мен кофені «ауруға душар ететін және адам ағзасының қалыпты жүйесін бұзатын» улы сусындар тобына жатқызыпты.

Алайда, көптеген ғалымдар бұл пікірге түбегейлі қарсы. Яғни, қаншама ұлттардың ас мәзірінде маңызды орын алатын осы бір сусын жөнінде қым-қиғаш пікір көп. Ал, «Шай ішсең, көңілің жай» дейтін біздің халық шайдың пайдасы мен зиянын қаншалықты ажыратады?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайда» өмірінде бір рет те шай ішіп көрмеген жан мен шайсыз өзін жайсыз сезінетін жандар қонақта.

0
0
925

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мектеп инспекторлары, кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Мектепке қауіпсіз жол» акциясы басталды. Аталған шара жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ересектердің назарын аудару мақсатында өткізілуде. Республикалық, облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан облыс бойынша жарты миллионнан астам оқушы оқитын 1022 мектепте кезекшілікке қосымша Жол патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, олардың жұмысы Әкімшілік полиция басқармасымен ерекше назарға алынды. Акция барысында жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынады. Сонымен қатар, мектеп маңайында абаттандыру бойынш…

0
0
523

8 жастағы Жақас Қозыбақ Нью-Йоркте теннистен өткен турнирде жеңімпаз атанды

8 жастағы қызылордалық Жақас Қозыбақ теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Оның ойнау мәнерін мамандар атақты теннисшілерге ұқсатқан.

Дәл осы кортта Энди Роддик үлкен спорттағы жолын бастаған еді. Ал, қазір мұнда жыл сайын жас теннисшілер арасындағы «Little Mo» турнирі өтеді.

Соңғы сайыста қызылордалық спортшы Жақас Қозыбақ ерекше көзге түсті. Осыған дейін АҚШ-тың Флорида штатында өткен додада топ жарған қазақтың қаршадай баласы Нью-Йоркте де ешкімге есе жібермеді.

«Теннистен асатын спорт түрі жоқ деп ойлаймын. Мен қарсыластарымның барлығын 6-0 есебімен жеңемін. Есейген соң «Үлкен дулыға» турнирлерін ұтып алғым келеді. Мен теннисті ата-анамды, Қазақстанды және әлемді қуанту үшін ойнаймын», - дейді Жақас Қозыбақ.

0
0
216