Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Ақсауыт» Әскери-патриоттық бағдарламасында Ұлттық Ұланның сарбаздары

«Ақсауыт» бағдарламасын бүгін сағат 09:00-де көріңіз.

Әскери бағдарламаның бүгінгі шығарылымынан Астана қаласында орналасқан Ұлттық Ұланның сарбаздарының Елорда қоғамдық тәртібін қадағалау қызметін көре аласыздар.

Сондай-ақ, бағдараламадан сарбаздардың қоғамдық тәртіптің бақылауымен қатар, Ұлттық Ұланның күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныса аласыздар.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың патриоттық сана-сезімінің оянуына ықпал ету.

0
0
310

«Поэзия әлемінде» — Индира Кереева

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те біле аласыздар. Жырлары нәзік иірімге толы, жүрекке жылылық сыйлайтын жастар арасындағы поэзияда өзіндік орны бар ақын қыздардың бірі – Индира Кереева. 1986 жылы 6 тамызда Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Мамандығы - журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ақтау қаласында өткен Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына байланысты өткен «Қайыртпай кеткен Қашаған» республикалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері. 2012 жылғы XV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2013 жылы жарық көрген «Дауыстар диалогы» атты жыр жинағының авторы. Индираның ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы т…

0
0
1613

«Адал достық» драмасын көріңіз

Режиссер Хён-Чхоль Канның фильмін бүгін 14:15-те тамашалай аласыздар.

На Ми тұрмыстағы әйел. Сұлу қызы бар. Бақытты өмір кешуде, бірақ, сонда да бір нәрсеге алаңдап тұрады.

Бір күні ауруханада жиырма бес жыл бойы көрмеген сыныптасын кезіктіреді. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан, небәрі бірнеше апта өмірі қалған құрбысы мектепте бірге оқыған  құрбы-құрдастарымен кездестіруін өтінеді.

Фильмде басты кейіпкерлерді Ю Хо Чжон, Шим Ын Кён, Чин Хи Гён сынды актерлер сомдайды.

0
0
317

«Сенбілік кездесуде» — Ермахан Ибраимов

Чемпионның жақындары мен жолдастарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар. Ермахан Ибраимов, дегенде елең етпейтін қазақ жоқ. Кезінде шаршы алаңда жасындай жарқылдап, Сиднейде Алаштың мерейін асқақтатқан батыр. Бала күнінен Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіровтерге еліктеп өскен ол: «1980 жылы Мәскеу Олимпиадасы өтті. Осы байрақты бәсекеде даңқты боксшы Серік Қонақбаев ағамыз күміс жүлдегер атанды. Бала болсақ та теледидардың алдына отырып алып, ағамыздың боксын тамашалаймыз. Жақсылық Үшкемпіров чемпион атанды. Сол уақыттағы балалар біледі, осы ағаларымыз өздерінің жеңістерімен қазақтың көптеген қара домалақтарының жүректеріне арман отын маздатып кетті»,-деп еске алады. Чемпионның спортқа деген алғашқы қадамы қалай басталды? Жолындағы кездескен кедергілерге қалай…

0
0
334

Ұлттық арна балаларға базарлық ұсынады

Бүгін 10:40-та «Немо» мультфильмін көріңіз.

Тропикалық аймақтағы теңізде Марлин атты балық өмір сүреді. Оның Немо есімді ұлы  бар-ды. Әкесі  өмірдегі болмай қоймайтын қауіп-қатерлерден ұлын барынша сақтандыруға тырысады.

Алайда, Немо өздерін  қоршаған кедертастардың құпия сырын білмек болып жүріп,  ашық мұхитқа шығып кетеді. Нәтижесінде түрлі қызықты бастан кешіреді.

Режиссерлер Эндрю Стэнтон, Ли Анкричтің «Немо» атты мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та тамашалай аласыздар.

0
0
248

«Қазақстан дауысы» – вокалға қайта оралу

«Қазақстан дауысы» танымал вокалдық жобасының ІІІ маусымы басталуына да бір күн қалды. Бұған дейінгі II маусымның рейтингі жоғары болды. «Қазақстан дауысы» тележобасы 2014 жылғы отандық телевизиядағы танымал шоулардың үздік ондығына енді. Аталған жоба Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас таланттардың жолын ашуға мүмкіндік беретін музыка және шоу-бизнес әлеміндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жаңа маусымда барлығын да толғандырған басты сұрақ: болашақтағы шығармашылық жоспарларға байланысты жобадан кеткен Медеу Арынбаевтың орнын кім басады? Үміткерлер көп болды. Бірақ әншінің орнына танымал музыкант, әрі әнші Рүстем Нұржігіт келді. Рүстем эстрадамыздағы жарық жұлдыздардың бірі. Өзінің даралығымен, харизмасымен ерекшеленген тұлға. «Жаңаша» леп беретін әншінің пікірі байқауға қатысушылар м…

0
0
1079

«Қазақстан дауысы» – возврат к вокалу

Несколько дней осталось до старта ІІІ-го сезона популярного вокального проекта «Қазақстан дауысы». Рейтинг II-го сезона зашкаливал, телепроект «Қазақстан дауысы» вошел в десятку самых популярных шоу в отечественном телевидении 2014 года. Данный проект один из самых – значительных событий в мире музыки и шоу-бизнеса, способствующий открытию новых талантов со всего Казахстана. Главной интригой нового сезона стал вопрос, кто заменит кресло наставника – ведь Медеу Арынбаев покинул проект, в связи с творческими планами на будущее. Претендентов было много, но в вместо Арынбаева пришел не менее талантливый музыкант и певец Рустем Нуржигит. Он яркая личность, харизматичный и креативный и надеемся, что его «свежий» взгляд будет интересным как для участников конкурса, так и для зрителей. Вот что го…

0
0
755

«Қазақстан дауысы» – жобасының жаңа маусымы басталады

Қалың көпшілікке кеңінен танымал «Қазақстан Дауысы» ІІІ кезеңінің басталуына бірнеше күн ғана қалды. Айта кетейік, аталмыш жобаның ІІ кезеңінің рейнтигі басталысымен шарықтап шыға келді. Сөйтіп, «Қазақстан Дауысы» тележобасы 2014 жылғы отандық телешоулардың ең үздік ондығына ілінді. Бұл расында да бүкіл Қазақстан аумағынан жаңа таланттарды анықтауға бағытталған музыка мен шоу-бизнес әлеміндегі ең маңызды жобалардың бірі. Бұл ретте қалың көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырып отырған жәйт - өзінің шығармашылық жоспарларына байланысты жобадан бас тартқан Медеу Арынбаевтың орнын кім алмастырады деген мәселе. Әрине, бұл рөлге келем деушілер көп. Дегенмен, Медеу Арынбаевтың орнын тап оның өзі сияқты талантты музыкант және әнші Рүстем Нұржігіт келді. Рүстем кескін-келбеті ерекше, тартымды жан…

0
0
860

«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында

«Абай» мұражайы директорының сұхбатын ертең сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

«Абай» атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Жандос Әубәкіров бүгінде Абайдың әдеби мұраларынан бөлек, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтың  әдеби мұраларын насихаттап, игі дәстүрге айналдырып келеді.

Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-сы күні мереке үстінде ашылды.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражайды басқарып отырған Жандос Әубәкіров кім? Ертең 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасынан көре аласыздар.

0
0
823

8 жастағы теннисші Жақас Қозыбақ биік белестерді бағындырып келеді

Арманы асқақ кішкентай спортшының жетістіктері туралы «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 1940-1950 жылдары елімізде тамырын жая бастаған теннис спортына қазіргі таңда жасөспірімдердің де қызығушылығы арта түскен. Соның бірі 8 жастағы спортшы Жақас Қозыбақ. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичқа ұқсағысы келетін жас теннисшінің арманы – спорт саласында бүкіл әлемге Қазақ елінің атын шығару. «Мен теннисті 5 жасымнан бастап үйрендім. Бұл спорт маған қатты ұнайды. Жақсы ойнауға, ата-анамды қуантуға, биік жетістіктерге жетуге тырыстым. Менің осы талпынысымнан нәтиже шықты. Үлкен чемпионаттарға қатыстым. Мені теннистке алып келген әкем. Ол маған үнемі «Жақсы ойна, жеңілсең мұңайма, керісінше, қуанып жүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар»,-деп айтып отырады»,-дейді спортшы. Жас теннисші 7 жасында қызыл…

0
0
268