Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Ақан Оңғарұлы: Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Ақан Оңғарұлы қонақ болды. Павлодарда хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды. Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болған тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Ақан Оңғарұлы айтты. «Биыл Сарайшық, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Түркістан сынды қалаларда зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс табысты болды. Соңғы жетістік – Павлодар өлкесінде хандарды ерекше жерлеу ескерткіші табылды», - деді Ақан Оңғарұлы. Сондай-ақ, ол бүгінде зерттелу керек жұмыстарға тоқталды. «Зерттеуді қажет ететін жұмыстардың бірі – көне түркілік дәуір бойынша қағандық ескерткіштер. Бұл кешендер Моңғолия жерінде орналасқан. Зерттеу жұмыстарын сол жақтан бастау керек деп есептейміз. Үш апта бұрын Моңғолияның Бұлғын деген аймағына барып қайтты…

0
0
494

Әлем чемпионатына Жасұлан Қыдырбаевтың дайындығы қандай?

Қазақстандық ауыр атлетшінің дайындығын «Таңшолпанның» тілшісі көріп қайтты.

20-28 қараша  аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Жарыста 94  келі салмақта ел намысын Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев қорғайды.

Қазақстандық ауыр атлетшінің дайындығын «Таңшолпанның» тілшісі көріп қайтты.

«Қазір жеңіл жаттығу жасаймыз. Жарыс жақындаған сайын жеңіл салмақты көтеріп, дайындық үстіндеміз. Тәртіп бойынша, күніне екі жаттығу. Ол – таңғы және кешкі жаттығулар», - деді Жасұлан Қыдырбаев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
225

Жуырда! «Қазақстан» телеарнасында жаңа хикаялардың тұсаукесері!

Жаңа маусымда «Қазақстан» телеарнасы өз көрермендеріне жаңа жобаларды, соның ішінде бірқатар отандық хикаяларды ұсынады. Өз өндірісінің контентін сапалы өзгерту мен жоғарылатуға байланысты «Қазақстан» телеарнасы мектеп оқушысынан бастап, еңкейген кәріге дейін жанға жайлы бағдарламаны ұсына білді. Телеэфирден берілетін шетелдік өндірістің хикаялары қысқартылып, есесіне отандық телехикаялардың саны артты. Отандық теле хабар тарату арналарының ішінде біздің арна өзінің негізгі жобаларын орыс тілді жүгіртпе жолдармен бірінші болып бере бастады (қоғамдық маңызды бағдарламаларды, хикая өндірісін және деректі фильмдерді). Жаңа маусымда телеарна «Жарық», «Жаңа қоныс», «Біздің ағай», «Таңдау», «Шырғалаң», «Жамбыл» және тағы басқа бірқатар өз өндірісінің хикаяларын телекөрермендерге ұсынады. «Қазақ…

0
0
546

«Бірге таңдаймыз!». Кілемді тазалау тәсілдері

Бағдарламаны бүгін сағат 13:00-де тікелей эфирде көріңіз.

Құймақтың құпиялары дастарханда ерекше ұсынудың тәсілдерін бірге зерттейміз.

Дизайнерлік сумка-клатчты 5 минутта тігуді бірге үйреніп, кәуапқа арналған етті маринадтау жолдары мен сырларын бүгін сағат 13:00-де бірге таңдаймыз.

0
0
800

«Қырық та кеш емес...»

Кейіпкеріміз өтіп жатқан жылдарға қарамастан, махаббатын тауып, жар атанғысы келеді.

«Отырған қыз орнын табады» дейді қазақ. Оң жақта отырып қалған қыздардың жасы отыздан асып бара жатыр. Тіпті қырықта да бағы ашылмаған жандар қаншама. Бұған не себеп?

Бақытты болуға ұлғайған жас кедергі бола ала ма? Кейіпкеріміз өтіп жатқан жылдарға қарамастан, махаббатын тауып, жар атанғысы келеді.

«Әйел бақыты» бағдарламасын бүгін сағат 15:00-де тікелей эфирде көріңіз.

0
0
382

«KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

5-15 қазан аралығында Катарда (Доха) бокстан Әлем чемпионаты өтеді. «KAZsport» телеарнасы қазақстандық жанкүйерлерге үлкен сыйлық жасап, жаһандық бәсекені тікелей эфирде көрсетпек. «KAZsport» Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңіндегі тартысты бәсекелердің барлығын ертең, 6 қазаннан, Астана уақытымен сағат 17:00-ден бастап көрсетеді. Айта кетейік, Әлем чемпионатына 73 мемлекеттен 260 боксшы қатыспақ. Олардың 94-і Еуропадан, 66-ы Азиядан, 51-і Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, 32-і Африкадан, ал 17-і Океаниядан келеді. Бұл спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейро өтетін Олимпиада ойындарының 23 лицензиясын сарапқа салады. КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ: 6 қазан 17:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 1-бөлім. Тікелей эфир 22:00. БОКС. ӘЧ. Доха (Катар). Іріктеу кезеңі. 1-ші күн. 2-бөлім. Тік…

0
0
312

«Таңшолпанда» — домбырашы Мұрагер Сауранбаев

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында  домбырашы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев қонақ болды.

«Музыкамен кәсіби деңгейде айналысуға уақыт бола бермейді. Жұмыстан шаршап келгенде домбыра тартсаң, шаршағаның басылады. Ал, қуанып келсең, шабытыңды еселейді», - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелде іс-сапармен жүрсе де, домбыраны тастамайтынын айтады.

«Жұмысыма байланысты шетелге көп шығамын. Сағынышты басатын, көңіл күйді көтеретін – домбыра. Сондықтан қайда барсам да, домбыраны өзіммен бірге алып кетуге тырысамын», - дейді Мұрагер Сауранбаев.

Студияда ол эстрадалық «Жұлдызым» композиясын домбырамен орындады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
341

Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды

Қазан айының 6-сы мен 15-ші жұлдызы аралығы Катар астанасы Доха қаласында бокстан ересектер арасындағы Әлем чемпионат өтеді. Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ. Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын. Қазақстан құрамасының толық құрамы: 52 келі - Олжас Сәттібаев 56 келі - Қайрат Ералиев 60 келі- Закир Сафиуллин 69 келі - ДаниярЕлеусінов 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы 81 келі -ӘділбекНиязымбетов 91 келі - Василий Левит + 91 келі - Иван Дычко. «Қазақстан» ҰТА м…

0
0
210

Телеканалы «Қазақстан» и «Kazsport» будут транслировать в прямом эфире традиционную профессиональную однодневную велогонку «Тур Алматы», которая состоится 4 октября в Южной столице.

Организаторы данного соревнования, входящего в число престижных однодневных гонок UCI, обещают интересную программу и довольно сложный маршрут с несколькими спецучастками, главный из которых – промежуточный спринтерский финиш по проспекту Аль-Фараби. Общая протяженность маршрута – 186 километров (6 кругов – каждый из которых составляет 31 км). На «Туре Алматы» в этом году участвуют 20 команд из 17 стран мира. Особо стоит отметить Astana Pro Team, в составе которой будет выступать победитель веломногодневки «Вуэльта-2015» итальянец Фабио Ару. Помимо «астанчан», нашу страну в этой гонке представят велокоманда Vino 4ever – недавняя участница чемпионата мира в Ричмонде и Национальная сборная Казахстана. Телеканал «Kazsport» планирует показать гонку целиком с 8.30 до 14.30, начиная с презентац…

0
0
177

«Қазақстан» және «Kazsport»телеарналары 4 қазан күні Оңтүстік Астанамызда өтетін дәстүрлі «Тур Алматы» кәсіби бір күндік веложарысын тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл жылы да ұйымдастырушылар UCI кестесіндегі аса маңызды біркүндік жарыстардың қатарынан саналатын Алматы турында қызықты бағдарлама мен күрделі маршрутқа негізделген тартысты бәсекенің өтеріне уәде беріп отыр. Бұл тұрғыда Әл-Фараби даңғылының бойындағы бір спринттік аралық межені ерекше атап өтуге болады. Жарыс жолының жалпы қашықтығы – 186 шақырым (6 айналым, әр айналымның ұзақтығы – 31 шақырымды құрайды). Бұл жылы «Тур Алматы» жарысына әлемнің 17 елінен келген 20 ұжым қатыспақ. Солардың арасында «Вуэльта-2015» көпкүндігінің жеңімпазы италиялық Фабио Ару намысын қорғайтын Astana Pro Team командасын ерекше орында. Астаналықтардан бөлек ел намысын жуырда Ричмондта өткен Әлем чемпионатынан оралған Vino 4ever мен Қазақстан ұлттық құрамасы қорғайды. «Kazsport» телеарнасы «Алматы турын» таңғ…

0
0
302