Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Еуразия Барысы-2015». Бүгін Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?

9 қазанда Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Осыған орай, Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар туралы мәліметтерді жариялаймыз. 55 келіге дейін: Айдос Сейпілұлы, Қазақ күресінен әлем чемпионы 66 келіге дейін: Бағдаулет Сәбитұлы, Қазақ күресінен Азия чемпионы 74 келіге дейін: Ринат Махмутов, Қазақстан Кубогының иегері 82 келіге дейін: Мақсат Мәзібаев, Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы 90 келіге дейін: Бекзат Ахметбеков, Қазақ күресінен 2 дүркін Азия чемпионы 100 келіге дейін: Мұхит Тұрсынов Туған жылы – 1988. Бойы: 185 см Салмағы: 95 келі Жетістіктері: – Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімп…

0
0
607

Бокстан Әлем чемпионаты: Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды. 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Мисаэль Родригесті 3:0 есебімен ұтты. Енді бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы Ж.Әлімханұлы 1/4 финалда ирландиялық Майкл О'Рейлимен кездеседі. Бұл күні шаршы алаңға тағы бір қазақстандық спортшы Василий Левит (91 келі) шығуы тиіс еді. Алайда, оның қарсыласы бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногейра жекпе-жекке шықпады. Осылайша, Әлем чемпионатында әлі шаршы алаңға шықпаған В.Левит турнирдің ширек финалына жолдама алды. Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатының барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал, әлемдік доданың жартылай финалдық бәсекелерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жексенбі,…

0
0
315

ІІІ «Еуразия Барысын» Ұлттық арнамен қатар «Боец» және «TRT AVAZ» телеарналары да тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді.

Биылғы жарысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасымен қатар ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT AVAZ» арналары да тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған турнир бүгін сағат 11:50-де басталады.

Айта кетейік, «Еуразия Барысы-2015» додасына 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Сайыста Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.

0
0
285

Грим қалай жасалады?

Грим – ертеден театр өнерінде қолданылады.

Грим – ертеден театр  өнерінде қолданылады. 1930 жылы Бирмингем университетінің Мерфи есімді ғалымы ойлап тапқан. Ол сән саласындағы латекстің бір бөлігін миксер арқылы көпіршітіп, кейін оны құрғатып, кәдеге жаратқан.

Бүгінде грим жасайтын мамандар олардың түр-түрін қолданады. Қазір тіпті адамның бет пішінін танымастай етіп өзгертуге болады. Мысалы, жас адамды «қартайтып», кәрі адамды «жасартуға» мүмкіндік бар.

Грим қалай жасалады?  «Таңшолпаннан» көріңіз!

0
0
1141

«Абай» сыйлығының тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай «Таңшолпанға» сұхбат берді

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай - енді Халықаралық «Абай» сыйлығыныңтұңғыш иегері. Ақын бұл құрметті халықтың өзіне артқан зор сенімі деп біледі. «Абай» сыйлығы - тосынсый болды. Былтыр 5 кітабым жарық көрді. Осы еңбегімді таразыға салған шығар. Бұл - мен үшін үлкен сыйлық. Себебі «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері атану – екі ақынның бірінің маңдайына жазыла беретін бақыт емес», - дейді Ғалым Жайлыбай. Сондай-ақ, ол Қазан қаласында өткен XI Түркі халықтарының поэзия фестивалінен түйіп қайтқан ойлары және алған әсерімен бөлісті. «Фестивальге 23 елден 100-ге жуық ақын қатысты. Қазақстаннан Дәурен Берікқажы және Танагөз Толқынқызы – үшеуміз бардық. Бүгінгі түркі әлемінің мұндай шараларды өткізуі – халықтардың бір-бірін танып, араласуына, әдебиет байланысына септігін…

0
0
1245

«Қазақстан» телеарнасы жыр алыбы Жамбыл Жабаев жайлы көп сериалы көркем фильм түсіруде

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы 2016 жылдың ақпан айында «Жамбыл» атты 4 сериялы тарихи драманы көрермендер назарына ұсынбақ. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешкен, қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырған, қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген Жамбылдың өмір жолы мен өнері осы көркем туындыда суреттелмек, - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз-қызметі. Әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын, суырып салма шешендігін былай қойғанда, жыр алыбы айрықша есте сақтау қабілетіне де ие болған. Миллион жол өлеңді жатқа білген. Сұраншы, Өтеген батыр, Хан мен ақын сынды эпостық жырлар мен Көрұғлы, Қыз Жібек дастандарын түнді таңға асырып айтқан. Ол өз…

0
0
1772

«Қазақстан» телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі

«Қазақстан» телеарнасы осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достастығын арттыруды көздейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде жүзден астам ұлт өкілдері мекен етеді. Ал сол ұлттардың асханасы - олардың мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық. Шығармашылық топ бағдарлама барысында әртүрлі диаспора өкілдерінің асханасымен таныстырып қана қоймай, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекше қызықты тұстарын көрермендерге жеткізеді. Бағдарламаның негізі ретінде екі аспаздың тамақ дайындау сайысы алынады. Оның бірі кәсіпқой, ал екіншісі әуесқой аспаз. Мысалы, осы хабар корей асханасына арналса, әуесқой аспаз корей ұлтының өкілі болады да, екінші сайыскер кәсіби аспаз болады. Арнайы бір мейрамханаға сарапшы мамандар шақырылып жасалған тағамның үздігі анықталатын…

0
0
782

Бүгін бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға үш қазақстандық спортшы шығады

Бүгін Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш боксшысы шаршы алаңға шығады.

Астана уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессия аясында 56 келі салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевпен сынға түседі. Осыдан кейін, 22:00-де басталатын кешкі сессия барысында шаршы алаңға тағы екі қазақстандық боксшы шығады.

75 келі салмақта бақ сынайтын Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Мисаэль Родригес Оливаспен, ал 91 келіде Василий Левит бразилиялық Хуан Гонкальвес Ногейрамен кездеседі.

Айта кетейік, күдізгі және кешкі сессияның барлық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы 17:00 мен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
663

Наубек есімді роботтың өнерін «Таңшолпаннан» көріңіз

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Назарбаев университетінің студенттері Ернар Аймамбетов пен Жеңіс Отарбай қонақ болды. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Назарбаев университетінің студенттері Ернар Аймамбетов пен Жеңіс Отарбай қонақ болып, Наубек атты роботпен таныстырды. «Бұл робот Францияда «Aldebaran» компаниясында құрастырылған. Біз тек мұның бағдарламасын, анимациясын жасадық. Бойына қазақтың қанын жүгірттік десек те болады. Наубек билейді, өлең оқиды және «күй тартады», - дейді Назарбаев университетінің 1-курс студенті Жеңіс Отарбай. Роботтың Қазақстанға келгеніне екі ай болған. Ал, дүниежүзінде 2011 жылдан бастап қолданылған. Студенттер мұндай роботты көбінде әлеуметке пайда әкелу мақсатында жасалатынын айтады. «Бүгінде тек ойын-сауықтық мақсатында қолданылуда. Негізі, курстың аясы…

0
0
329

Балалардың қауіпсіздігіне арналған «Мангуст» құрылғысы туралы білесіз бе?

«Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Қазақстандық жас өнертапқыштар жасаған GPS трекердің көмегімен баланы онлайн режимде бақылауда ұстауға болады. Бұл құрылғы - «Мангуст» отбасылық қауіпсіз жүйесі деп аталады. «Бұл кішкентай құрылғының көмегімен балаңыздың қай жерде екенін анықтай аласыз. Ол өте берік әрі судың астында да жұмыс істейді. Бұл жоба ғылыми-зерттеу кезеңдерінен өтті. Әлемнің кез келген нүктесінен сигналды қабылдайды. Ұялы телефонның қосымшасынан мәліметтерді ала аласыз», - дейді өнертапқыш Евгений Щербатов. «Technation» байқауында бұл құрылғы 7 үздік жобаның қатарына қосылды. Басқа жобалардан ерекшелігі – спутниктік жүйеден тәуелсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылғының қуаты 20 күнге дейін жетеді. «Мангуст» жобасы туралы толығырақ «Таңшолпанна…

0
0
294