Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Бокстан Әлем чемпионаты. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов пен Иван Дычко шығады

Бүгін Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші, жартылай финал кездесулерінің екінші күні. 2013 жылы Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионы, 69 келінің №1 боксшысы, Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов бүгін жартылай финалдық бәсекеде 21 жастағы әзірбайжандық боксшы Парвиз Багировқа қарсы шаршы алаңға шығады. Парвиз Багиров Бакуде өткен бірінші Еуропа ойындарының чемпионы. 2013 жылғы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Данияр Елеусінов Парвиз Багировты іріктеу кезеңде ұтқан. Сондай-ақ, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері +91 келідегі боксшымыз Иван Дычко бүгін өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады. Жерлесіміз 21 жастағы өзбекстандық боксшымен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Бірінші рет былтыр…

0
0
194

«Ұлы Дала дауысы». «Күйші» аталымында 6 үміткер бақ сынап жатыр

Олар Жарас Сатыбалдиев, Бақытжан Дүйсенғазиев, Жарас Сәдуақасов, Саян Ақмолда, Дамир Абашев, Мақпал Манасбаева. Қазақ радиосының төл туындысы - «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші»,«Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Дауыс беру 15 қазанда тоқтатылады. Өнер додасында «Күйші» алатымы бойынша 6 үміткер бақ сынап жатыр. Олар Жарас Сатыбалдиев, Бақытжан Дүйсенғазиев, Жарас Сәдуақасов, Саян Ақмолда, Дамир Абашев, Мақпал Манасбаева. Айта кетейік, бұл аталым бойынша дауыс берудің алғашқы апталық қорытындысында Жарас Сатыбалдиев, Бақытжан Дүйсенғазиев және Мақпал Манасбаева 40 пайыздық дауысқа ие болып, финалға жолдама алды. Енді келесі кезеңде үміткерлердің өнерін кәсіби мамандар мен радиофестивальді ұйымдастыру тобы бағалайтын болады…

0
0
576

Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі

Бүгін сағат 12:15-те мультфильмнің 1-2 бөлімдерін көріңіз.

Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ауылда тұратын ата-әжесіне келген Әли мен Айя есімді кейіпкерлер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әли мен Айя табиғаттың түрлі құпия-сырларына жауап іздейді. Ән айтып, би билейді. Әр бөлімде қазақтың Ұлттық өнері, мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрі қамтылады.

«Әли мен Айя» мультфильмін бүгін сағат 12:15-те көріңіз.

0
0
1071

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 12:35-те көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 12:35-те тамашалай аласыздар.

0
0
350

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Айтыстан үзінді»

Сөз сайысын бүгін сағат 13:40-та көріңіз.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Айтыста лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі ықпал жасап отырған.

Ұлттық арнаның бейнеқорындағы үздік айтыстарды бүгін сағат 13:40-та тамашалаңыз.

0
0
311

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар. «Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар, көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр. Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан. Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ. Б…

0
0
490

Бокстан Әлем чемпионаты. Алты қазақ боксшысы ширек финалға шықты

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан Әлем чемпионатының төртінші күнінде төрт қазақ боксшысы шаршы алаң төріне көтерілді. Алғаш шаршы алаңға 52 келідегі Олжас Сәттібаев шықты. Ол 18 жастағы болгариялық боксшы Даниель Асеновті еш қиыншылықсыз ұтты. Олжас алғашқы жекпе-жекте украиналық Игорь Сапинскийді 2:1 есебімен ұтқан. Екінші болып Ұлттық құрама капитаны 69 келідегі Данияр Елеусінов шаршы алаңға көтерілді. Данияр Елеусіновте өзінің алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ол – беларусьтік қарсыласы Павел Кастраминді 3:0 есебімен жеңді. Шаршы алаңға үшінші 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов шықты. Бұл Әділбектің Әлем біріншілігіндегі алғашқы кездесуі еді. 3 раундқа созылған тартысты бәсекеде Ниязымбетов Сириялық қарсыласы Алдын Хоуссоунды 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға со…

0
0
427

Бүгін «Жаңа қоныс» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның 1,2- бөлімдерін бүгін сағат 14:35-те көріңіз.

Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.

Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
286

«Махаббат кегі» мелодрамасын көріңіз

Режиссер Ева Джинннің фильмінің басты ролдерін Чжан Цзыи, Бинбин Фань, Со Чжи Соп сомдайды

Софи карикатурашы болып жұмыс істейтін өте сүйкімді, ақылды қыз. Ол хирург болып жұмыс істейтін сұңғақ бойлы Джефф деген жігітпен кездесіп жүреді. Екеуі сөз байласады.

Жігіт қыздың туыстарының алдына оған ұсыныс жасайды. Алайда, Софидің қуанышы көпке ұзамайды. Кезекті операция жасау сәтінде Джефф Ван Цзинцзин атты киножұлдызды кезіктіріп, оған ғашық болып қалады.

«Махаббат кегі» мелодрамасын бүгін сағат 15:50-де көріңіз.

0
0
830

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ІІІ «Еуразия Барысы» турнирін тікелей эфирден көрсетеді

Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Додада Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.

Биылғы қазақ күресінің бәсекесі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Еске сала кетейік, үшінші рет өткелі отырған «Еуразия Барысы» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін тікелей эфирден көрсетеді. Жарыс сағат 11-50-де басталады.

0
0
389