Еуро-2016. Латвия-Қазақстан матчы 0:1 есебімен аяқталды
Риганың (Латвия) «Сконто» стадионында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Латвия-Қазақстан матчы аяқталды. Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойында футболдан Ұлттық құрама 0:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері ойынды ширақ бастады, алайда 1-ші таймның 15-ші минутынан кейін қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына ала бастады. Құрама ойыншылары Гафуржан Сүйімбаев пен Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттап көрді, бірақ оларға дәлдік жетіспеді. Ойыншылар 1-ші таймда 0:0 есебімен тарқасты. 2-ші таймда алма кезек шабуылдар жалғасты. Қазақстандық футболшылар 60-шы минутта өте қауіпті шабуыл ұйымдастырып, есеп ашуға қақпашы мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін 65-ші минутта Исламбек Қуат жылдам шабуыл нәтижесінде латвиялық қақпаның дәл бұрышына соққы бағыттап, гол соқты. Матчтың соңында а…


