Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушісі бұқаралық жүгіру ұйымдастырмақ

17-қазан күні Нью-Йоркте Генадий Головкин мен Давид Лемье рингте кездеседі.

BI Group, аталмыш кездесудің ресми демеушісі, ол елдегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін алдағы болатын сайыстың құрметіне орай бұқаралық жүрігуге қатысуға шақырады.

«Генадийді қолдап, оған жеңіс тілейік. Біз бүкіл әлемге өзіміздің Қазақстанға, Генаға қолдау білдіретінімізді көрсеткіміз келеді»,-делінген Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушілері таратқан ақпаратта.

Жүгіру Астанада 16-шы қазан күні Есіл жағалауында сағат 7-00-де басталады. Ал, Алматыда бүл шара қазанның 17-не сағат 7-00-ге жоспарланған.

0
0
193

«Айтуға Оңай...» бағдарламасында отбасын сақтау құндылықтары сөз болмақ

Бүгін сағат 20:15-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Болмашы сылтауға бола, өзі сүйіп отасқан жарын тастап, шаңырағын шайқалтып жатқандар бар. Сондай жандарға қарапайым ғана ауыл тұрғыны Мадияр Мұратбеков – үлгі. Ағамыз нағыз орда бұзар 30-жасында сүйген жары Күлән Қазменова ауырып, төсек тартып жатып қалған.

Содан бері, жиырма жылдан асса да сал боп қалған Күләнді өзі күтіп, баратын жеріне арбасымен сүйретіп жүретін Мадияр ағамыз бүгінде елуден асып, 60 жасқа аяқ басты. Бірақ, әлі күнге «әйелім осындай», деп бір адамға барып мұңын шаққанын ешкім көрген, естіген емес.

«Айтуға Оңай...» бағдарламасын бүгін сағат 20:15-те көріңіз.

0
0
469

«Шашым-сәнім»

Бүгін сағат 15:00-де «Әйел бақыты» бағдарламасын көріңіз.

Қазақта қыздың шашына арналған теңеулер өте көп. «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» қыз-келіншектер үшін бұл тақырып өте өзекті болмақ.

Қыз шашының күтімі мен бояу ережелері, шаш түсудің алдын алу мен пайдалы кеңестерді бүгін сағат 15:00-де «Әйел бақыты» бағдарламасын көріңіз.

0
0
249

Геннадий Головкин: Алдымызда төрт белбеу үшін болатын маңызды жекпе-жек күтіп тұр

WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы Давид Лемье (34-1, 31 КО) Нью-Йорк (АҚШ) қаласында баспасөз мәслихатын өткізді. «Madison Square Garden» – менің екінші үйіме айналды. Мұнда бірнеше жекпе-жек те өткізіп үлгердім. Мен бұл жердің тарихын құрметтеймін, ал қазір өзім жаңа тарих жазуға атсалысудамын. Алдымызда төрт белдеу үшін болатын PPV жекпе-жегі күтіп тұр. Бұл өте маңызды күн болғандықтан толқып тұрмын. Лемье - чемпион. Ол мықты жігіт әрі қауіпті боксшы», - деп келтіреді Г.Головкиннің сөзін BoxingScene.com. Еске сала кетейік, Головкин-Лемье жекпе-жегі Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні 06:55-те тікелей эфирде көрсете…

0
0
610

Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі

Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың бұл кезңіне шыққан екі қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.

Жерлестеріміз арасынан шаршы алаңға алғашқы болып құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) шығады. Ол финалда мароккалық Мохаммед Рабиимен кездеседі.

Ал, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 келі) Әлем чемпионы атағы үшін франциялық Тони Йокамен таласады.

Айта кетейік, бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
325

Ашытқы қоспай нан пісіруді білесіз бе?

Бүгін сағат 13:00-де «Бірге таңдаймыз» бағдарламасын көріңіз.

«Леонардо» атымен танымал қабырға декорын жасау жолдары, сақалды қыруға арналған құрылғыны дұрыс таңдау, теріні тітіркенуден сақтау әдістерін бүгін сағат 13:00-де тікелей эфирде «Бірге таңдаймыз» бағдарламасынан біле аласыз.

0
0
270

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында соңғы ашық жаттығуларын өткізді (ФОТО)

WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) Нью-Йоркте жекпе-жек алдында соңғы ашық жаттығуын өткізді.

Еске сала кетейік, кездесу АҚШ-та 17 қазанда «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Қазақстандық көрермендер Головкин-Лемье жекпе-жегін 18 қазан күні таңғы сағат 06:55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

0
0
468

Г.Головкин Д.Лемьемен кездесуге сақадай-сай

Бокссүйер қауым ерекше ынтызарлықпен күтіп отырған Головкин-Лемье кездесуіне санаулы күндер қалды. Бүкіл әлемнің спортсүйер қауымы боксшылар туралы ақпараттарды да тағатсыздана күтуде. Естеріңізге сала кетейік, 13-қазан күні Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 11-00-де Генадий Головкин мен Дэвид Лемьенің Сквер Гардендегі ашық жаттығулары өтті. Бүгін міне, осы жаттығулардан көріністерді бейнелейтін суреттер де пайда болды, тіпті бейнематериалдар да бар. «Суреттегі көріністерге көз жүгіртетін болсақ, жерлесіміз Генадий бабында және ол өзінің жеңетінене әбден сенімді. Чемпион американдық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында кездесудің алдында аздаған қобалжушылық бар екендігін және бұл қалыпты жағдай екендігін айтқан. Дегенмен, ашық жаттығулардағы көріністерден Головкиннің ештеңеден де кү…

0
0
267

Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері

Құлазу кезінде адам қара түске әуес болады. Күннің қысқаруы, бұлыңғыр ауа райы, сұп-сұр дүние көңілді түсіріп, жұмысқа деген қабілетті төмендетеді. Көңілсіз ойларға жетелейді. Бұл ағзада мелатонин атты гормонның пайда болуына септігін тигізеді. Бұл гормон адамды күйзеліске ұшыратады. Психологтардың айтуынша, соңғы кезде құлазу дерті адамдар арасында жиі кездеседі. Нәтижесінде адамды еш жаңалық қызықтырмайды. Жалғыздық сезімі жаулайды. Құлазу кезінде адам қара түске әуес болады. Терезе перделерін жауып қоюға тырысады. Қайғыға толы суреттер салады. Мұндай кезде, алдымен, тыныс алуды реттеген жөн. Бұл миға оттегінің жақсы жетуі мен қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді. Күзгі депрессиямен күресудің бірнеше тәсілін ұсынамыз: Далаға шығып, әр 4 қадам сайын тыныс алып, келесі 4 қадамда а…

0
0
462

Алмас Өтешов: Күнде жаттығу кезінде жалпы алғанда 7 тоннаға дейін темір көтеремін

Ауыр атлетші Алмас Өтешов - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшы. Ауыр атлетші Алмас Өтешов - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшы. Жуырда«Таңшолпан» бағдарламасының тілшісі спортшыны әңгімеге тартып, сұхбаттасқан болатын. «Күніне екі, кейде үш жаттығу болады. Олимпиадаға жылдың басынан бері дайындалып жатырмыз. Бір жарысқа кемінде 10 ай дайындалу керек», - дейді Алмас Өтешов. Сондай-ақ, ол күнделікті жаттығу кезінде жалпы алғанда 7 тоннаға дейін зілтемір көтеретінін айтады. «Жаттығу кезінде 100, 150 келі зілтемірді бірден көтермейміз. Алдымен массаж, одан кейін дене қыздыру үшін жаттығу жасаймыз. 20 келі тартатын зілтемірден бастаймыз. Содан кейін ғана ауыр салмақ қоса бастаймыз. Есептеп қарасақ, күніне 7 тоннаға дейін темір көтереміз», - дейді…

0
0
378