Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Әке махаббаты» драмасы – Ұлттық арнада

Режиссері - Чаган Ырмак.

Кішкентай Дениздің шешесі 1980 жылы қыркүйек айында Түркияда әскери төңкеріс басталған кезде қайтыс болады. Жеті жыл өткен соң бала әкесімен бірге ешуақытта көрмеген атасының шаруа қожалығына барады.

Бұған себеп болған әкесі мен атасының арасындағы келіспеушілік. Хусейн Эфенди баласы Садықты қалаға оқуға жібереді. Ал, Садық сол кездегі көп жастар сияқты саяси оқиғаларға араласып, әкесінің ашуын келтіреді.

Фикрет Кускан, Четин Текиндор, Хумейра сынды актерлер басты кейіпкерлерін сомдаған «Әке махаббаты» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
688

Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы» атты концертін көріңіз

Бүгін Ұлттық арнада сағат 15:05-те.

Төреғали Төреәлі – «Отанды сүю – иманнан» әнімен қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген әнші.

1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, республикалық айтыстардың жүлдегері.

Жуырда жеке шығармашылық кешін берген әншінің концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
909

«Ас болсында» — ұйғыр асханасы

Хабар барысында кәсіпқой аспаз бен әуесқой аспаз өзара бақ сынайды.

Ұйғырдың ұлттық тағамдарының ішінде гүлтабақ, болақ манты, питер манты, варак салхасы, әсип, лағман, лох тоха, кешилик тоха, дунгиляк қыйма т.б. ерекше атауға болады. Ұйғыр халқы етті тартып, бұрыш, көк шөптердің бірнеше түрімен баптап беруге өте шебер.

Ұйғыр асханасының ең ұнамды және кеңінен таралған тағамдарының бірі – лағман. Бұл арнайы дайындалған құймамен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан созылған қамырдың жіңішке жіпшелерінен дайындалған ұзын кеспе.

Ұйғыр халқының басқа қандай тағамдарын білесіз? сіздің дастарханыңызда ұйғыр тағамы дайындалады ма? Бүгін 12:35-те «Ас болсынды» көріңіз.

0
0
4223

Жедел жәрдем қызметіндегі реанимобильдер

Толығырақ бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көре аласыздар.

Әдетте, «басымыз ауырып, балтыр сыздай қалса» алдымен жүгінетіміз – жедел жәрдем қызметі. «103» нөмірін теріп, дәрігердің келуін күтеміз. Кейде уақытында, кейде кеш болса да, қызметіне жауапты жандар күндіз демей, түн демей шақырылған мекенжайдан табылады.

Түрлі себептермен шақырылған уақытында келе алмай жататын жедел жәрдем қызметкерлерін жиі сынға алғанымызбен, олардың жұмысының қаншалықты жауапты әрі қиын екенін біле бермейміз. Білсек те, мән бере қоюымыз екіталай.

Жедел жәрдем қызметіндегі реанимобильдер қалай жұмыс істейді? Олардың міндетіне не кіреді? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көре аласыздар.

0
0
370

«Сенбілік таң» Ерген Сейсебаевтың шаңырағында

Кәсіпкердің отбасымен сұхбатты бүгін 09:00-де көре аласыздар.

«Сенбілік таң» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері еңбекке ерте араласқан іскер азаматтың бірі. Ол үшін өмірде ешбір кедергі жоқ. ертеңге сенімі мол. «Тек, алға!» деген ұран да бұл азаматтың  күнделікті жұмысының қағидасына айналған.

Кәсіпкер Ерген Сейсебаев «Қазақстанда жасалған» деген тауар таңбасы бар «Сұлу» сабын өндірісін брендке айналдыруға күш салып жүр.

Кәсіпкерлік саласында өзінің ерекше орны бар, отбасында адал жар, үлгілі әке бола білген азаматтың сұхбатын бүгін 09:00-де «Сенбілік таңнан» көріңіз.

0
0
1472

Ұлттық арнада – «Бас жүлде» драмасы

Басты рөлдерде - Ким Тэ Хи, Ян Тон Кын, Ко Ду Сим.

Со Джу Хи – мейірімді әрі сүйкімді қыз. Шабандоз Со Джу Хи қыздар арасындағы алғашқы бас жүлдегер атанғысы келеді.  Бұл арманы жылдам орындалуы мүмкін еді, алайда, кезекті бәйгіде жарақаттанып қалады.

Ал, жарыста мінген атына дәрі егіп өлтіруге тура келеді. Қайғы-мұңға батып отыра бермей, сергу үшін ол Чеджу аралына саяхаттайды. Бұл аралда бір жігітті кездестіреді.

Режиссер Ян Юн Хоның «Бас жүлде» атты драмасында басты рөлдерді Ким Тэ Хи, Ян Тон Кын, Ко Ду Сим сомдайды. Фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат23:15-те көре аласыздар.

0
0
661

Павлодарлықтар Қазақстан чемпионатында спорттық бал билерінен бірінші орынға ие болды

Павлодарлық бишілер Анастасия Загорулько мен Данил Макаров Петропавл қаласында өткен Қазақстанның спорттық бал билері чемпионатында бірінші орынға ие болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды. Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, фестивальге Қазақстан және Ресей қалаларынан келген бишілер қатысқан. «Қазақстанның спорттық биден 4-ші дүркін чемпионы павлодарлық Анастасия Загорулько мен Қазақстанның спорттық биден 7-ші дүркін чемпионы астаналық Даниил Макаров жұптасып өнер көрсетті. Олар бидің ағылшын мектебін ұсынды. Қазылар алқасы би серіктестерінің шеберлігіне жоғары баға берді. Бағдарламаға «Ча-ча-ча», «Самба», «Румба», «Джайв», «Пасадобль» билері енді», - дейді Білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова. Турнирдің ұйымдастырушылары - Қазақстанның Ұлттық б…

0
0
287

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «ЭКСПО-2017» нысандарының құрылыс жұмыстарына атсалысады

15 жылдың 18 желтоқсанда «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлтық компанясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының тауар өндірушілері мен туризм саласы бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ-ы Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Шара аясында «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ басшылары және бас мердігер мекемелер тарапынан өңірлік бизнес-қауымдастықтармен кездесу өтті, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жұмыс сапарының нәтижесінде Ұлттық компания мен Оңт…

0
0
402

Алматыда жасөспірімдер футбол лигасының маусымының аяқталуына орай салтанатты шара өтеді

20-желтоқсан күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Теміржол институтының Мәдениет үйінде Алматы қалалық Балалар және жасөспірімдер футбол лигасының маусымының аяқталуына орай салтанатты шара өтеді.

Жүлделі орынға ие болған командалар марапатталып, үздік ойыншылардың есімдері анықталады.

Биыл «Жас Қыран» лигасы Алматыда 8 жас ерекшелігі бойынша қала кубогі мен біріншілігін ұйымдастырды.

Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі, Алматы қаласының спорт басқармасы, «Жас Қыран» жасөспірімдер мен балалар лигасының өкілдері, сонымен қатар Алматы қаласының футбол федерациясы қатысады.

0
0
282

Элизабет Тұрсынбаева 20-21 желтоқсанда Қызылордада өтетін ел чемпионатында өнер көрсетеді

Бұл туралы бүгін Қызылордада Элизабет Тұрсынбаева және Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Садық Мұстафаевтың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жастағы Элизабет спорттық жолын 2005 жылы Мәскеу қаласының «Москвич» тәжірибелік жоғары спорт шеберлігі мектебінде бастаған. 2013 жылдан бері оны Торонтода канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырып жүр. Ал, жас спортшының Қазақстанды дүние жүзіне танытып жүргеніне себепкер бірден-бір адам – оның әкесі мен анасы. «Элизабеттің ата-аналарының бірі бапкері болса, бірі – менеджері», - деді Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы. Осы ретте ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрінің үлкен жанашыры, жанкүйері екенін атап өтті.…

0
0
423