Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Жаңа қоныс» телехикаясын көріңіз

Телехикаяның 3,4- бөлімдерін бүгін сағат 14:35-те көріңіз.

Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.

Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
242

«Поэзия әлемінде» ақын – Жанат Жаңқашұлы

Бүгін сағат 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

«Поэзия әлемі» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері қарағандылық ақын – Жанат Жаңқашұлы. Ол Қарқаралы ауданы, Сарыобалы аулында 1987 жылы туған. 2009 жылы ҚарМУ-дің журналистика бөлімін тәмамдаған.

«Тәңір таңбасы» атты кітабы шыққан. Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған жыр мүшайрасында Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері.

Жанат Жаңқашұлы туралы хабарды бүгін сағат 12:30-да көріңіз.

0
0
1323

«Ас болсында» — Түрікмен асханасы

«Ас болсын» бағдарламсының екінші маусымын бүгін сағат 10:45-те көріңіз.

Қазақстанды жүзден астам ұлыс өкілдері мекен етеді. Ал, сол ұлыстардың асханасы – мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық. Біз осы түрлі ұлт өкілдерінің асханасына бағдарлама арнау арқылы, ұлттар достастығын арттыруды көздедік.

Бүгінгі хабар түркімен асханасына арналады. Түркімен ұлтының әуесқой аспазы мен кәсіби аспаз бір тағам істеп сайысқа түседі. Аспаздар жасаған тағамның дәмдісін сарапшы мамандар анықтайтын болады.

«Ас болсын» бағдарламасын бүгін сағат 10:45-те көріңіз.

0
0
626

Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын ару түрлерін білесіз бе?

Бүгін сағат 10:10-да «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

«Дауа» бағдарламасының бүгінгі шығарылымынан дұрыс тамақтанбаудан туындайтын ару түрлерін, тамақ ішетін ыдыс түрлерін қалай таңдау керектігін және қандай тағамдар дәруменге бай екендігін бүгін сағат 10:10-да «Дауа» бағдарламасынан біле аласыз.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстан медицинасындағы жаңа инновациялық технологияларды игерудегі қазақстандық дәрігерлердің жетістіктерін көпшілікке насихаттай отырып, олардың беделін көтеру.

«Дауа» бағдарламасын бүгін сағат 10:10-да көріңіз.

0
0
429

Данияр Елеусінов бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) финалда марокколық Мохаммад Рабииге 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен есе жіберді.

Осылайша Данияр Елеусінов 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында алған алтын жүлдесіне күміс медаль қосты.

Сонымен қатар, жерлесіміз финалға шыққаны үшін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді.

Айта кетейік, «KAZsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Дохадағы (Катар) бокстан Әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетуде.

0
0
206

Астаналықтар Генадий Головкиннің құрметіне ұйымдастырылған бұқаралық жүгіруге қатысты

Бүгін таңғы сағат 7-00-де BI Group компаниясы ұжымының бастамасымен Генадий Головкинніңжанкүйерлері бұқаралық жүгіруге қатысты. Ауа райының салқындығына қарамастан, олар таң атпастан тұрып, әйгілі боксшыны қолдап жүрігурге келді. Шараған қатысқан адамдар саны 500-ден асады. Жүгіру аяқталған соң олар GGG белгісіне сап түзеді. «Бүгін біз елорданың орталық саябағында сап түзеп, жерлес боксшымызды қолдайтындығымызды білдіріп, оның Нью-Йорктегі кездесуіне сәттілік тіледік. Біз енді бұқаралық жүгіруді Алматы қаласында және өзге де қалаларды ұйымдастырамыз, ол үшін қала тұрғындарының барлығын жерлісімізді қолдап, шараға қатысуға шақырамыз. Генаны қолдауға бағытталған шаралардың барлығын суретке, видеоға түсіріп әлеуметтік желілер арқылы таратамыз. Бұл біздің әйгілі боксшымызға деген құрметімізді…

0
0
353

Иван Дычко Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері

Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың финалына екі қазақстандық спортшы жолдама алған еді.

91 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Иван Дычко финалдық жекпе-жекте франциялық Тони Йокаға есе жіберіп, күміс медальға қол жеткізді.

Бұған дейін жерлесіміз Әлем чемпионатының қола (Баку, 2011) және күміс (Алматы, 2013) жүлдесін иеленген болатын. Сонымен қатар, ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Осылайша Дохада (Катар) аяқталған бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, «KAZsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Дохадағы (Катар) бокстан Әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсетті.

0
0
239

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан «Skate Canada Autumn Classic» турнирінің чемпионы атанды

15 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Канаданың Барри қаласында өткен халықаралық «Skate Canada Autumn Classic» турнирінде алтын медаль иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада екінші орын иеленсе, еркін бағдарламада жеңімпаз атанған. Ал, қос бағдарлама нәтижесі бойынша жалпы саны 179,72 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол өзінің карьерасындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Екінші орынды жапониялық Харуке Имаи (174,89 балл), ал, үшінші орынды америкалық спортшы Энджела Ванг (172,36 балл) иеленді.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаеваны канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

0
0
375

Ақмейір Әли «Little Miss World 2015» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан атынан «Little Miss World 2015» халықаралық байқауында өнер көрсеткен Ақтау қаласының «Колибри» сән театрының тәрбиеленушісі Ақмейір Әли аталмыш байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы бүгін Lada.kz хабарлады. Айта кетейік, аталмыш байқау ұйымдастырылып келе жатқан 15 жылда Қазақстан өкілдері алғаш рет Гран-приді жеңіп алды. «Little Miss World -2015» байқауына биыл Англия, Италия, Венгрия, Украина, Ресей, Грузия, Армения, Непал, Малайзия, Тайланд, Бразилия, АҚШ, Татарстан, Моңғолия, Қытай және Африка мемлекеттерінен барлығы 18 елден 48 үміткер қатысты. Қазақстан атынан онда «Колибри» сан театрының тәрбиеленушілері 10-жасар Ақмейір Әли мен Илона Нагинская қатысты. Үміткерлердің өнерлерін байқауда 20 адамнан құралған әділқазылар алқасының мүшелері бағалады. Олардың баға…

0
0
403

Тісіңіз сарғайса...

Сенім есімді көрерменіміз «Әйел бақыты» бағдарламасының редакциясына хабарласып, тісінің маржандай ақ болғанын қалайтынын айтып, оны қалай ағарту керектігі жөнінде кеңес сұрап еді. Ендеше назарларыңызға тісті ағарту жөнінде кеңестер ұсынамыз. Тіс не себепті сарғаяды? 1. Тіске кальций мен негізгі минерал жетіспеген жағдайда; 2. Құрамында бояғышы бар заттардан (кофе, шай, боялған жемістер немесе көкөністер); 3. Қолайсыз экология әсерінен (йод, бром, қорғасын, сынап); 4. Темекі шеккеннен; 5. Тіс ауруларының әсерінен. Ағарту процесін бастамас бұрын сүт тағамдарын (сүзбе, ірімшік, айран т.б.) пайдаланып, тісімізді беріктігін арттырғанымыз жөн. Үй жағдайында тістің эмалін өзгертіп алмай, тазалау әдісі: 1. Арнайы тісті ағартуға арналған пастаны қолданған күннің өзінде, бұл процесс ұзаққа созылуы…

1
0
496