Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Қысқатолқынды пеште сіңіп қалған астың иісін қалай кетіруге болады?

«Таңшолпан» қыз-келіншектерге арнайы кеңестерін ұсынады. Қысқатолқынды пештер - асыққан кезде жылдам ас жылытуға таптырмас құрал. Десе де, оның бұдан да басқа да пайдалы тұстары көп. Мысалы, жоғары қуатына қойып, сарымсақты қыздырып алсаңыз, қабығы оңай әрі тез ашылатын болады. Сондай-ақ, оның көмегімен қатып қалған нанды жаңа піскендей етіп жұмсартып алуға болады. Ол үшін нанды жылтыр қалтаға салып, пешті жоғары қуатына қосып, 10 сеундқа қалдырсаңыз жеткілікті. Ыстық компресс жасаңыз. Орамалды бірнеше минут қысқа толқынды пешке қойып қыздырып алсаңыз, ыстық компресс дайын. Микротолқынды пеште сондай-ақ, ыдысты тексеріп көруге болады. Екі-үш су құйып пештің ішіне қойыңыз. Қыздырған соң су ыстыұ болып, кесе салқын күйінде тұрса, ыдысты қолдана беруге болады. Ал, кесе қызып, су ысымай қалса…

0
0
510

Жаппар Өмірбек — Қазақ телевизиясының негізін қалаушылардың бірі

Қаламгер әдебиет саласында да соңына мол мұра қалдырды. Қазақ телевизиясы тарихында оның іргетасын қалаған азаматтардың есімдері алтын әріптермен жазылған. Солардың бірі - ақын, прозаик, аудармашы Жаппар Өмірбек. 1959 жылы қазақ телевизиясына қызметке келген жас маман құрылғанына енді ғана бір жыл толған телеарнаның қалыптасуына белсене араласты. Көптеген бағдарламаның эфирге шығуына атсалысып, өзі де түрлі бағыттағы хабарларды жүргізді. Қаламгер әдебиет саласында да соңына мол мұра қалдырды. Әдебиетке «Қызылсу», «Тас түйін» повестері арқылы келген Жаппар Өмірбектің шығармашылығының басты саласы - балалар поэзиясы. Таяуда қаламгердің«Күнді шақыр» атты кітабы жарыққа шықты. Ұлт руһанияты тарихында ойып орын алған тұлға туралы жазушы Сұлтан Қалиұлы мен ұлы Ахан Жаппарұлының пікірлерін «Таңш…

0
0
1323

«Орда» тобы «Turkvizyon-2015» байқауында 2-орын иеленді

Халықаралық өнер сайысында біздің намысымызды «Олай емес» әнімен «Орда» тобы қорғады. «Turkvizyon-2015» байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды. Стамбұлда «Turkvizyon-2015» байқауының гранд-финалы өз мәресіне жетті. Биылғы байқаудың бас жүлдесі 194 ұпай жинаған қырғызстандық әнші Жийдешке бұйырды. Ал, 185 ұпайға ие болған «Орда» тобы 2-орын алды. Түркиялық әнші Гөркем Дурмаз 175 ұпаймен 3-орынға табан тіреді. Ал, «Бейбітшілік» сыйлығы Ирак елінен келген күміс көмей әнші Оғыз Сырмалыға бұйырды. Сириялық әнші Әділ Шан «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды. «Қазылардың арнайы сыйлығы» Германиядан келген Дерья Каптанға табысталды. Айта кету керек, гранд-финалда «Turkvizyon» ән байқауында өткен жылы бас жүлдені жеңіп алған Жанар Дұғалова мен «Bala Turkvizyon-2015»-тің «Алтын дауыс» а…

0
0
487

Жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз

Бір жұмадағы жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз. Ой елегінен өткізіңіз

Қазақстан қоғамын қандай мәселе толғандырады? Жаһандық өзгерістердің біздің елге әсері қандай?

Экономика, әлеумет, қазақ саясаты бүгін, 20:00-де.

0
0
810

Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз

Табылды Досымов - өнерге тың серпін алып келген жан. Бард өнерінің алғашқы қарлығашы, «алты ішектің арланы» атанған Табылды Досымовтың әндері бүгінде қазақ сахнасынан ойып орын алған. Ол өнерге тың серпін алып келді. Гитара асынған қазақ баласы 90-шы жылдары жарқ етіп шығып, сол биігінен әлі де аласармай келеді. Ақынның сағынышқа, мұңлы сезімге, тәкаппар намысқа толы әндері көптің жүрегін жаулап алды. Жастарға патриоттық рух сыйлады. «Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Сәйгүлік», «Мен қазақпын» әндерін қалың қазақ жақсы біледі, сүйіп тыңдайды. Ақын Рахат Қосбармақ Табылды Досымовты: «Ешкімге ұқасамайтын поэзиясымен, ешкімге ұқсамайтын сазгерлік дарынымен 1990 жылдардағы әдебиетке, өнерге келген толқынның аса айбарлы тұлғасы болды. Адамға деген адалдығы, сенімі жоғары болатын»,-деп еске…

0
0
1045

«Саяхатшы Дара» мультхикаясын өткізіп алма!

Дараның кезекті саяхатын бүгін сағат 11:05-те Ұлттық арнадан көре аласыңдар.

«Саяхатшы Дара» мультхикаясы – балаларға арналған танымдық туынды. Мұнда Дара, Боти, Карта, Жол дорбаның саяхаты баяндалады. Олар үнемі түрлі мекенге сапар шегеді.

Жол бойы кездескен тапсырмаларды орындап, түрлі жұмбақтар шешеді. Қиындыққа тап болған жан-жануарларға және балаларға көмектеседі.

Дараның басынан кешкен қызықты оқиғаларын өткізіп алма! Мультхикаяны бүгін сағат 11:05-те Ұлттық арнадан көре аласыңдар.

0
0
2574

«Ақсауыт». ҚР ҚК-нің тұңғыш әскери тарихи мұражайы

Музейдің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 09:00-де «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Жуырда елордада Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған әскери-тарихи музей ашылған болатын.

Мұражай қорында қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін экспонаттар бар.

Ғимаратта ел тарихындағы тұңғыш Әскери-тарихи музеймен қатар, концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.

Музейдің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 09:00-де «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

0
0
903

«Әли мен Айя» мульттоптамасын көрейік!

Бүгінде «Әли мен Айя» мульттоптамасын сүйіп көретін бүлдіршіндер көп. Себебі, Әли мен Айя амандасудан бастап, дұрыс тамақтану әдебі, сөйлеу мәдениетіне  дейін үйретеді. Сонымен қоса, «ұзын-қысқа», «аласа-биік», «үлкен-кіші», «алыс-жақын» сияқты өлшем бірліктері туралы түсінік береді.

Бұл танымдық-анимациялық топтама соңғы жылдары бала тәрбиесіне терең көңіл бөліп келеді. Мультфильмнің ерекшелігі сол, балаларға қызықты деген мәліметтердің барлығы таңғажайып хикаялар арқылы беріледі.

Бүгін Әли мен Айя бүлдіршіндерге қандай танымды ақпарат ұсынады? Ұлттық арнадан 11:55-те бірге көрейік!

0
0
2962

«Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атанды

«Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының финалдық кезеңі аяқталды. Айта кетейік, дауыс беру шаралары 25-қараша мен 15-желтоқсан аралығында lubimec.kz ресми сайтында жүрді. Дауыс беру қорытындылары бойынша, бірқатар аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында «Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атағын жеңіп алды. Осыған байланысты «Қазақстан» телеарнасының ұжымы Мейіржанды жеңісімен құттықтап, еңбегіне сәттілік тілейді. Айта кетейік, байқауда жылдың үздік радиостанциясы аталымын «Жұлдыз FM» радиостанциясы жеңіп алды. Facebook-ті пайдаланушылар Эдуард Полетаевты жылдың үздік саясаттанушысы деп таныды. «Жылдың үздік TV ток-шоуы» аталымын «Еуразия» телеарнасының «Ашығын айтқанда» хабары жеңіп алды. Бағдарламаның жүргізушісі Алмас Алтай.…

0
0
775

Шымкентте отандық киімдер сататын дүкен ашылды

Дүкеннің директоры Алмаз Амалбековтың айтуынша, мұнда алдағы уақытта өзге де отандық өнімдер жеткізілмек.

Шымкентте тек отандық киімдер сататын дүкен ашылды. Сауда орталығы «Алтын адам» деп аталады.

«Алтын адам» дүкеніне қойылған ер адамдарға арналған киімдер Сайрам ауданында тігіледі. «Golden Nomad» фабрикасы өнімдерінің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді.

Дүкеннің директоры Алмаз Амалбековтың айтуынша, мұнда алдағы уақытта өзге де отандық өнімдер жеткізілмек.

0
0
874