Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Орхан Насибов: Мақсатым – халқыма пайдалы адам болу

Әзірбайжаннан қоныс аударған Орхан бірнеше шет тілін меңгерген.

Орхан Насибовты Қазақстанмен тағдыры 8 жасында табыстырды. Әзірбайжаннан қоныс аударған ол бүгінде Еуразия тілдері институтының студенті. Қоғамдық жұмыстарға белсенді Орхан Қазақ елінде өскенін мақтан тұтады.

«Өзге ұлттарды бір-бірімен біріктіретін дүние ол – тіл. Тіл білу – рухани байлық. Сол себепті, қазақ тілін білу – біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ол.

Орхан Насибов бірнеше шет тілін меңгерген. Қазіргі таңда түрік тілін өз қатарластарына оқытуда.

«Мақсатым – халқыма  пайдалы адам болу. Себебі, бұл ел маған бар мүмкіндікті берді»,-дейді кейіпкер.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

0
0
278

Елдос Ахметов: «Астана» — «Қайрат» матчы — Қазақстанның «Эль-Класикосы»

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч қарсаңында «Таңшолпан» тілшілері футболшылардың дайындығын көріп қайтты. 21 қараша күні «Астана Арена» стадионында ҚР Кубогының финалдық ойыны өтеді. Кубокты «Астана» - «Қайрат» командалары сарапқа салатын болады. Тартысты доп додасын сағат 14:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек. Сонымен қатар, 25 қараша күні Астанаға «Бенфика» (Португалия) футбол клубы келмек. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч қарсаңында «Таңшолпан» тілшілері футболшылардың дайындығын көріп қайтты. «Биылғы маусым өте қиын болды. Себебі, мақсат – чемпиондықты қолда ұстап қалу. Өткен маусымда чемпион болғандықтан, барлық қоманда бізге қарсы екі есе дайындалады. Барлығы да мықты командалар. «Оңай ұтамыз» дейтін команда биыл болған жоқ. Еліміздегі футбол деңг…

0
0
296

Келіншекке керек кәсіп қандай?

Үй шаруасындағы табысты әйелдер бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» қонақта.

Әуелде әйел заты үй, отбасы-ошақ қасы шаруасына, ал ер адам ақша табуға жауапты деп бөлінген. Бұл ұстаным ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, ХІХ ғасырда өзгере бастады.

Қазір жеке кәсіппен айналысатын әйелдердің қарасы көбірек. Үй шаруасындағы табысты әйелдер не дейді? Олар қандай кәсіппен айналысып отыр?

Мұндай кәсіптің кеңседе күн ұзын отырып істеген жұмыстан артықшылығы көп екені ақиқат. Алайда, оның да өзіндік қиындықтары болатыны белгілі. Ол қандай қиындықтар?

«Әйел бақыты» бүгін 15:00-де табысты әйелдердің кәсіптерімен бөлісетін болады.

0
0
370

Ерлан Рысқали: Ән қоржыным үнемі толығып отырады

Әнші Ерлан Рысқали бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Сұхбат барысында аймақтардан гастрольдік сапардан келген әнші халықтың әсері турасындағы ойымен бөлісті. «Мен «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы болып қызмет атқарамын. Біз жоспарлы түрде жыл сайын өңірлерге гастрольдік сапармен шығып тұрамыз. Биыл Орал мен Атырау өңіріне барып қайттық. Бұл аймақтарға бірінші баруым емес. Жиі барып тұрамын. Бірақ, ұжыммен бірге бару, оның үстіне қазақтың үлкен күйші-композиторы Секен Тұрысбек ағамызбен бірге жүру – бақыт. Халықтың қошеметі ғажап. Нағыз тыңдарман шалғайда жатыр ма, деп қаласың кейде. Әсіресе, Орал халқы аяғымызды жерге тигізбей, алақанында ұстады. Бар пейілін төгіп, өнеріңді бағалап, ерекше құрмет көрсетті»,-дейді әнші. «23 қараша күні Алматы…

0
0
350

Димаш Құдайберген: Жеке концерт беру жоспарда бар

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар. Күні кеше Астанада өткен «Сағындырған әндер-ай» концертінде Әлішер Кәрімовпен бірге дуэт орындағанДимаш Құдайберген бұл турасында: «Дуэт орындау қашанда ауырлау. Дегенмен, Әлішер сынды тамаша әншімен өнер көрсету оңай болды. Себебі, екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оның үстіне биік дауыста ән айтатын өнерпаздар қатарынанбыз»,-дейді. «Бала кезімнен армандап жүрген бір байқау бар. Ол да «Славян базары» сияқты халықаралық сайыс. Алдағы уақытта сол байқаудан да төбе көрсетіп қалармен деген ниеттемін»,-деген әнші оның қандай байқау екенін әзірге құпия қалдыруды жөн көрді. «2016 жылы Астанада есеп беру кешімді өткізу жоспарда бар. Концерт жүз пайыз жанды дауыста болады. Тағы бір жағымды жаңалық, жуырда Түркияға концертке бардым. Бұл…

0
0
335

Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин толыққанды WBC чемпионы атануы мүмкін. Ол үшін пуэрторикалық Мигель Котто мексикалық Сауль Альваресті жеңуі тиіс, деп хабарлай Аllboxing.ru. Мигель Котто жеңіске жететін болса, белбеу иесіз қалады. Сондықтан WBC ұйымы бұл атақты Головкинге береді. Өйткені қазақстандық боксшы бұл тұжырым бойынша «уақытша» Әлем чемпионы. Алайда, 21 қарашада өтетін жекпе-жекте Сауль Альварес ұтатын болса, онда чемпиондық белбеуді мексикалық спортшы иеленеді. Еске сала кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) 35 жастағы Мигель Коттодан орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Себебі ұйым Котто мен Альварестен 600 мың (әрқайсысынан 300 мың) доллар талап еткен еді.…

0
0
543

«Барыс» хоккей клубы мәскеулік «Спартак» командасын 5:2 есебімен ұтты

Құрлықтық хоккей лига аясында астаналық «Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» командасымен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Құрлықтық хоккей лигасы «Спартак» - «Барыс» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2) Шайбалар: 0:1 - 08:06 Даллмэн (Боченски, Ландин). 0:2 - 08:27 Краснослободцев (Савченко, Худяков). 0:3 - 32:30 Романов (Семёнов, Старченко). 1:3 - 33:17 Мерескин (Глазачев). 1:4 - 49:04 Худяков (Краснослободцев). 2:4 - 54:59 Клименко (Геноуэй, Бодров). 2:5 - 56:58 Сен-Пьер. «Спартак»: Иванников - Геноуэй-Балдаев, Мерескин-Глазачев-Радил; Сорокин-Гилрой, Бодров-Потапов-Клименко; Ермаков-Коробов, Уэллмэн-Лещенко-Шмелёв; Таталин, Воронин-Васильев-Ли, Левицкий; «Барыс»: Лацо - Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Савченко-Эллерби, Худяков-Краснослободцев-Пушкарёв; Трясунов-Семёнов, Руденко-Старченко-Сен-…

0
0
173

«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады

Кеше «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында «Rin'Go» тобы қонақта болды. «Rin'Go» тобы 10 жылдық мерейтойына орай концерт өткізеді. Бұл туралы жігіттер «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарына берген сұхбатында айтты. «10 жылдық мерейтойымызға орай концерттік бағдарлама дайындап жатырмыз. Жуырда әр қалада концерт өткізу жоспарда бар. Басты қалалар – Астана және Алматы», - деді топ мүшесі Данияр Өтеген. «Түнгі студия» хабарының ұжымы «Rin'Go» тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оларға «төлқұжат» сыйлады. «10 жыл деген – мектеп сияқты. Сіздер үлкен сахнада мектеп бітіргендей болдыңыздар. Шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп бітірген кезде төлқұжат береді. «Түнгі студия» бағдарламасының атынан «Rin'Go» тобына сондай «төлқұжат» ұсынамыз», - деді бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоян…

0
0
387

Шәйнекке қатқан қақты қалай кетіруге болады?

«Бірге таңдаймыз!» хабарын бүгін 13:00-де көріңіз.

Бүкіл отбасының суреттерін орнатуға арналған идеологиялық мәні бар фоторамка жасап үйренгіңіз келе ме?

Қатпарлы қамырдан дәмді пирог қалай дайындалады? Шәйнекке қатып қалған судың қағын қалай кетіреміз?

Суды зиянды микробтардан қалай тазалауға болады? Жылыту батареяларын оңай тазалаудың жолы қандай? Бүгін 13:00-де бірге анықтаймыз.

0
0
2391

«Денар» тобының құрамы өзгерді

Топтың бұрынғы мүшесі Ернар Жұматаев қазір «Денардың» продюсері. «Денар» тобының әншілері Әліби Кәдірбаев, Естай Бекбергенов, Берік Мұхиддинов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Топқа жаңадан қосылып жатқан Берік Мұхиддинов бұған дейін Ұлықпан Жолдасовпен бірге жұмыс істеген, «Каспий» тобының құрамында болған. «Топқа қосылғаныма бір айдай болып қалды. Қазір жаңа әндер жазылып жатыр. Алдағы он күнде халық назарына ұсынамыз»,-дейді ол. Ал, топтың бұрынғы мүшесі Ернар Жұматаев қазір «Денардың» продюсері. Кешегі өткен «Сағындырған әндер-ай» кешінде топ Гүлнұр Оразымбетовамен дуэт айтты. Бұл турасында топ мүшелері: «Кеште халық әні «Жүгіріп шықтым белескені» орындадық. «Денар» тобы бұл кешке осымен сегізінше рет қатысып отыр»,-дейді. Жуырда жеке студияларын ашқан топ: «Жеке студия ашу кез келг…

0
0
1353