Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Қалмұқан Исабай Шоң би туралы шығармасын жазу үшін 40 жыл мәлімет жинаған

Соғыстан кейінгі өмірін шығармашылыққа арнаған жазушының соңында 40-қа жуық кітабы қалды. ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерен ерлік танытқандардың бірі - қазақтың қарымды қаламгері Қалмұқан Исабай. Ерлігінен бөлек, жазушының қазақ прозасындағы еңбектері де бір төбе. «Баян», «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй» туындылары кеңестік кезеңде жоғары бағаланып, оқырмандардың оң бағасына ие болды. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған қағілез бала майданға мектеп қабырғасында жүріп аттанады. Соғысқа қатардағы жауынгер болып кіріп, офицер шенімен оралады. Майдангер жазушының тырнақалды туындысы «Арман арнасымен» деп аталды. Жазушының бастамасымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай Құнанбаевтың есімі беріледі. Екібастұз кенішін ашқан Қосым Пішембаев екенін дәлелдеп жазады. Ермак ескерткішін құлаттырып, қа…

0
0
2502

Рашид Сүлейменов: «Аяулы арман» телехикаясы Ұлттық арна көрермендерінің көңілінен шығады деген сенімдемін

Фильм жетімдер үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің үлкен өмірге етене араласауы туралы баяндайды.


Жуырда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен «Аяулы арман» атты телехикая эфирге шықпақ. Фильм жетімдер үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің үлкен өмірге етене араласауы туралы баяндайды. Отандық телехикая өндірісі саласында мұндай тақырып тұңғыш рет қозғалып отыр.

Басты рөлдерде 20-дан астам әртіс ойнайды.

«Алға қойған міндеттердің барлығын орындай алдық. Сериал қызықты болып шықты. Ұлттық арна көрермендерінің көңілінен шығады деген сенімдеміз», дейді туындының қоюшы режиссері Рашид Сүлейменов.

Режиссерлік мамандықтың қиындығы неде?Актер фильмнен бөлек, қанша бейнебаян түсірді?

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
394

Самғау Нәсіпханның Елбасына сыйға тартқан етігінің ерекшелігі неде?

Етікшіні қанаттандырған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы болды.

Шебер Самғау Нәсіпханның қолынан шыққан бұйымдары ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Ол болашақта ұлттық аяқ киім брендін қалыптастыруды армандайды.  Әр өнімін былғарыдан және қолтырауын терісінен тігеді. Бұл саланы таңдауының себебі де - отандық өнімдердің дамуына тамшыдай болса да үлес қосу.

Етікшіні қанаттандырған  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы болды. Өйткені, шебер өз өнімін Елбасына сыйға тартып, алғысын алған.

«Болашақта бұл кәсіпті инновациялық жоба ретінде дамытқым келеді. Сол жолда еңбек етіп жатырмыз», дейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
256

«Бәрекелді!» әзіл-сықақ кешін көріңіз!

Бүгін сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

Кезінде көпшілік тамсана қызықтаған, бүгінде сағынышқа айналған «Тамаша», «Бауыржан шоу» театрларының актерлары бас қосып, «Бәрекелді!» атты жоба ашқан болатын.

Алғашқы кеште тұрмыстық тақырыптағы әзілдер айтылып, адам мінезіндегі мін-кемшілік көрсетілді, тілдік ахуалдың түйткілі де нысанаға алынды.

«Қуандық пен Бақыт» театры, Мұқаметжан Мырзакеев (Гитеке), Асқар Наймантаев, Алмат Сақатов, Жанатбек Бәйтеков,  Нұржан Тұтов, «Күлкістан» театры, Бауыржан Орда мен Кенжебек Шайқақ қатысқан әзіл кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

0
0
497

«Намыс доданың» қайталауын көріңіз

«Намыс дода» халықаралық сайысында Қазақстанмен қатар  Венгрия, Қытай, Алжир, Франция құрамалары да бақ сынауда. Жарыстың әр кезеңдегі күтпеген тосынсыйларынан сүрінбей өту оңай емес.

Өткен аптадағы жарыста Ұлттық құрама қарсыластарына есе жіберген болатын.  Бұл жолы сәттілік кімге жақтасады? Жарыс барысында қандай қызықты сәттер болды? Қатысушылардың пікірі қандай?

Бүгін 14:00-де «Намыс доданың» жұма күнгі қайталауын көріңіз.

0
0
265

Қайрат Нұртастың «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек

8 желтоқсанда «Хан шатыр» ОСО-да. 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ОСО-да Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек. Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таңқалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш. Сариев, әнін Д. Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А. Голубев. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлер…

0
0
452

«Сағынып өмір сүрейін» концертін көріңіз

Сазгер Серiк Жанболаттың шығармашылық кешін бүгін сағат 15:35-те тамашалай аласыздар. Елге есімі белгілі Серік Жанболаттың танымалдылығы 1990-шы жылдардан бастау алды. Ол - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ар» жастар студиясы, «Жігіттің сұлтаны», «Қыз сыны», «Тайбурыл», «Үкілі үміт», «Көкпар» секілді жобалардың өмірге келуіне ықпал еткен журналист. Серік Жанболат - 1964 жылы 14 қыркүйекте Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген. Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектептi 1981 жылы бiтiрiп, сол жылы аудандық «Совхоз туы» газетiнде тілші болып қызмет iстедi. 1982 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түстi. 1984-1986 жылдар аралығында Мәскеу қаласында әскери борышын өтеп келiп, оқуын жалғастырды. Университет қабырғасында жүргенде Қа…

0
0
401

Бүгін «Дара жол» хабары эфирге шығады

Алғашқы қонақ – әнші Қайрат Нұртас.

Бүгін сағат 21:00-де Ұлттық арнадан «Дара жол» хабары эфирге жол тартпақ. Хабар өмірдің әр саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген елімізге және шетелдерге танымал тұлғалардың өміріне арналады.

Кейіпкермен бірге оның айналасында жүрген туыстары, достары, әріптестері мен ұстаздары шақырылып, көрермендерге әр қырынан танытатын болады.

Қайрат Нұртастың шығармашылығында нендей өзгеріс бар? Әнші отбасы туралы ақпаратты неге жасырады? Ол қандай дос және әріптес?  Бүгін 21:00-де көріңіз.

0
0
883

Отбасылық дәрігеріңіз бар ма?

Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар кеңесін тыңдаңыз.

Отбасылық дәрігердің міндеті — учаскеде тіркелген тұрғындарға тек емханада ғана емес, қажет кезде үйде де медициналық көмек көрсетіп, отбасының медициналық-әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесу.

Отбасылық дәрігер бүгінде әлеуметтік бағытталған және медициналық мәселелерді ғана шешіп қоймайды, сонымен бірге, пациенттің өмір сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық танытады. Себебі, адамдардың денсаулық жағдайы олардың әлеуметтік әл-ауқаттарына да байланысты.

Жалпы, осы отбасылық дәрігер керек пе? Бұл мәселе біздің елде қалай дамуда?  Отбасы дәрігерінің басқа дәрігерден айырмашылығы қандай?  «Әлемдік отбасы дәрігері» атағының иегері Дәмила Сәкенқызы не дейді? Бүгін 10:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
265

«Ас болсында» — татар халқының асханасы

Бүгін 12:35-те көріңіз.

Татар халқы әуелден отырықшылық пен мал шаруашылығын қатар ұстағандықтан, мұндай өмір сүру жағдайы тамаққа ұн және ет-сүт өнімдерін басым түрде қосуға мүмкіндік берген.

Басымдығы жағынан, қазақтар мен өзбектерге жете қоймағанымен, татарларда қашан да сүйікті ет тағамы қой еті. Онымен бірге сиырдың, жылқының, үй құстарының (тауық, қаз, үйрек) еттерінен тағамдар дайындаған.

Татар халқының ертеден келе жатқан асы – пәрәмәч, учпучмак. Бұлар көбіне сыйлы қонақтарға ұсынылатын болған.

Ал, Сіз татарлардың тағы қандай тағам түрлерін білесіз? Дәмін татып көрдіңіз бе? Бүгін 12:35-те «Ас болсын!» хабарында аспаздар татар халқының ұлттық тағамдарын жасаудан сайысқа түспек.

0
0
1800