«Жалғызкөзді пркырор»
«Жалғызкөзді пркырор» Монитордағы күлімдей қарап отырған әдемі мөлдір көздерге ентелей түсіп қарап отырғаны сол еді, есік тарс ашылды да: - Кімге сонша тесіліп отырсың-ей? – деген шайпау қатынның ащы дауысы жаңғырыға шықты. Бұның қолы өзінен де жылдам түрде ашық тұрған монитордағы әдемі суретті дереу жоя қойды да: - Ешкімге, жұмыс істеп отырмын, мені аңдымасаң жүре алмайды екенсің өзің? –деген жауапты бір түрлі үркінішпен жеткізді. - Сенің тағы да құтырып жүргеніңді сезіп жүрмін, сен мына төрт бала мен мені бағуға міндеттісің, анау сылқымыңның суреттерін ақтарып отырған шығарсың тағы да, – деп, шашын төбесіне түйе салған, орта бойлы толықтау келген сары келіншек ашулы күйі сенімсіз түрде кеп, күйеуімен қатар мониторға үңілді. Үңілді де іздегенін таппаған соң мұрнының астынан бірдеңелерді…