«Ерлік – елдің ескерткіші»
«Ерлік» туралы ой елегінен өткізсем болды,ойыма өз әулетіміздегі арғы атам – Ұлы Отан соғысының ардагері атанған – Мардан атам оралады да, мәңгі естен кетпей қоятыны бар.«Бейбіт күнде де ерлік жасауға болады»,- деп айтқандарды естігем, бірақ ел басына ауыр күн туған,сонау сұрапыл жылдары кеудесін оққа төсеп,елін,жерін,Отанын қорғаған аталарымыздың ерлігін онымен салыстыруға келмес, сірә!Сұрапыл сұм соғыс ауыртпалығын мойнымен көтеріп, «1418 күн мен түнге» созылған қан майданда от кешіп,біреуі мүгедек болып,аяғынан,көзінен айрылып жарымжан болып туған елге оралған аға-аталарымызды нағыз ержүрек-батырға теңесем де артық болмас. Бір өкініштісі – сол ардагер аға-аталарымыздың бүгінде арамызда жоқ болғандығы. Егер олар тірі болса,кейінгі ұрпақ біздер,сан мыңдаған жеткіншек ұрпақтар олардың ерл…