2014 жылғы 5 қыркүйекте Ақтау қалалық сотына жеке айыптау тәртібімен Е. Қатаевадан Қазақста Республикасының Қылмыстық Кодексінің 111-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру)Ақтау қаласының тұрғыны Х-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде шағым түскен. Яғни, Х. ағымдағы жылғы 23 тамызда Ақтау қаласының 4-шағын ауданының көп қабатты галерея үйінде бола тұра, теледидардың шынылы телескопын лақтырып, үйдің маңайында 4 жастағы баланың – Қатаев Исламның үстіне құлаған. Алған жарақаттардан бала Маңғыстау облысының балалар ауруханасына ауыр хәлде жеткізілген.
http://sud.gov.kz/kaz/news/basty-sot-talkylauy-22-kyrkuyekke-tagayyndaldy
