Астанада өліммен ұштасқан жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша үкім жарияланды
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Д.Кивеновке қатысты үкім шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (көлік құралын жүргізушінің жол жүру ережелерін бұзу салдарынан, абайсызда кісі өліміне әкеліп соғу).








