Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рух пен тіл» клубы Көк базардағы қателіктерді анықтады

ТОЛЫҒЫРАҚ: http://rukhpentil.org/?p=1350

«Рух пен тіл» ұйымы мемлекеттк тіл – қазақ тілінің мәртебесін жоғарылату мақсатында «Тіл сақшысы» арнайы жобасын ары қарай жалғастырады. 2012 жылдың мамыр айынан басталған бұл жоба жастардың арқасында өз нәтижесін көрсетуде.  Мамыр айында Janaozen.net интернет-порталы арқылы «Рух пен тіл» клубы атынан Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына шағым хат http://janaozen.net/bolasha/zhastar-memlekettk-tlge-atysty-ata-talap-oydy.html?lang=kz жазылған еді. Онда  Тілдерді дамыту басқармасына қаланың әр шетіндегі 10-нан астам мекеме, дүкен, көше атауларынан кеткен қателіктер ұсынылды. Сөйтіп, 2 айдан кейін талап орындалып, басқарма аталған заң бұзушылықтардың барлығын жойып, ресми жауабын http://janaozen.net/bzd-zaman/tl-basarmasy-zhastar-yymyny-talabyn-oryndady.html?lang=kz да берген.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру өзіңнің үйіңнен, тұрып жатқан көшеңнен, күнде азық-түлік сатып алып жүрген дүкеніңнен басталады. Сондықтан да, жарнамалардағы, маңдайшалардағы, көше атауларындағы қателіктерді анықтау ұсақ-түйек шара ретінде көрінгенімен, оның залалы мен орындалуы үлкен күшті талап етеді. Осыған байланысты «Рух пен тіл» ұйымы бұл қызметін ары қарай жалғастыра бермек. Өткен аптада ұйым жастары «Көк базар» сауда кешеніне арнайы рейд жүргізіп, «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарды бұзған әрбір мекеме, дүкен, сауда нүктелеріне заң талаптары жазылған парақшаларды  таратты. Соның нәтижесінде заң бұзған 150 нысан (дүкендер, салондар, мекеме жарнамалары, маңдайшалар, сауда орталықтары) иелері тиісті заңдарды, ондағы талаптарды білмейтін болып шықты. Сонымен қатар бес жылдан астам уақыттан бері не әкімдік, не Тілдер басқарамасы бірде-бір рет тексеру жүргізбегені белгілі болды.

Тексеру қорытындылары мен шағым хат Алматы қаласының Тілдер басқармасына 7 қараша күні тапсырылды. Басқармаға талаптарды орындау үшін заң бойынша бір ай уақыт берілді. Егер талап орындалмайтын болса, онда «Рух пен тіл»  ұйымы  заң бұзушылықпен күресудің басқаша тәсілдеріне көшетінін ескертті. Қоғамдық бақылауды өз қолымызға алып, ортақ істе жұмылған жұдырық болып бірге қызмет етуге шақырамыз! Төменде басқарамаға жазылған шағым хат берілген.

   

Алматы қаласы «Тілдерді дамыту,

мұрағаттар және құжаттама  басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

Мамай Қаниұлы Ахетовке

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымынан

 

ШАҒЫМ

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы ҚР-дағы «Тіл туралы» заңының мемлекеттік тілге қатысты баптары өрескел бұзылып жатқандығын; мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың көпжылдық бағдарламаларының іске аспайтындығын; сондай-ақ, өзіңіз басқарып отырған мекеменің Алматы қаласы бойынша көше, жарнама атаулары, сыртқы жарнама атауларындағы орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателерді, жазылу тәртібін бұзулуын қадағалап, тиісті шаралар қолданбайтындығыңызды және осы себептер бойынша Алматы қаласындағы  көше, жарнама атаулары, сыртқы жарнама атаулары «Тіл туралы» заңды, «Жарнама туралы» заңды бұзып отырғанын мәлімдейміз. Қаладағы тіл ахуалы күн санап нашарлап бара жатқаны Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарды дамыту және орындау мақсатында тиісті іс-шаралардың жүргізілмеуінен болып отыр. Оған дәлел ретінде «Рух пен тіл» клубының Алматы қаласы бойынша жасаған «Тіл сақшысы» арнайы рейдінің нәтижелері болып табылады.  Көптеген мекеме басшылары Тілдерді дамыту басқарамасының ешқашан тексеру жүргізбейтінін, заңдар бойынша ешқандай түсініктеме жұмыстарын болмайтынын айтып, шағымдануда. Сондықтан, «Рух пен тіл» ұйымы өзіңіз басқарып отырған басқарманың жұмысын қатаң қадағалауда ұстап отыр. Егер 2012 жылдың соңында Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының қызметі қаламыздағы тіл ахуалының жақсаруына ықпал ете алмаса, қолға алған іс-шаралары ешқандай нәтиже бермесе, онда «Рух пен тіл» ұйымы басқараманы тарату жөнінде бастама көтеретінін хабарлайды.

 
0
0
922

Осы тақырып бойынша

«Рух пен тіл» клубы Көк базардағы қателіктерді анықтады - Yvision.kz