Бірлік — биіктерге жетелейді
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері біраз белестерді бағындырды. Әлеуметтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолында аянбай тер төкті. Мемлекеттік бағдарламалар баянды жемісін көрсетті. Күні кеше ғана басқа түскен жаһандық дағдарысқа төтеп берді. Ал бүгінде айқын бағытымен стратегиялық жоспарын құрып, көш түзеп келеді. Бұның бәрі бірліктің арқасы. Атам қазақ, "бірлік бар жерде, тірлік бар" деп, бекер айтпаса керек. Берекесі айрандай ұйыған елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақ елінде бас қосқан оларды өткен тарих осында айдап келген. Содан бері өз тыныс-тіршілігін жасап, ғұмыр кешіп келеді. Тарих қосқан сонау уақыттан бері түрлі ұлт өкілдерінің талай ұрпағы осында дүниеге келіп, тамырын тереңге жаюда. Өз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұмыт…