ТМД елдеріне аты шыққан Қазақстандық «бренд»
ТМД елдеріне аты шыққан Қазақстандық «бренд» Менің есімім-Ернар. Арқаның кербез сұлу Көкшетауының тумасымын. Бала кезімнен «бизнес», «кәсіпкерлік» тақырыптарына қызығатынмын. Бүгінгі таңда, елдің мәртебесін көтеретін кәсіпкер болу - басты мақсаттарымның бірі. Бос уақытымда, кәсіпкерліктің шыңын бағындырып жүрген, ұлттық өнімді дамытып жатқан кәсіпорындармен танысқанды ұнатамын. Еліміздің игілігі үшін қызмет жасап жатқан сондай кәсіпорындардың бірі - «Новопэк» ЖШС. Өсім қарқыны бойынша, Ақмола облысы еліміздегі алдыңғы қатарлы өңір. Облысымызда «Бизнестің жол картасы» аясында табысты жұмыс істеп келе жатқан бірнеше жобалар бар. «Новопэк» серіктестігі сондай жобаның бірі. Кәсіпорын 2003 жылы құрылған кезде, «Көкшетау Пластик» ЖШС деп аталды. Ол кезде серіктестік 9 ғана құрылғымен жұмыс жаса…