Алматыда қаласында "Жастар жылы" қорытыланды
5 желтоқсан 2017 жылы Студенттер сарайында өткен «Алматы- жастар қаласы» атты жастар форумында Бауыржан Байбек «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы қорытындысы туралы айтты және қала билігінің күш-жігері аға ұрпақты қолдауға жұмсалатынын атап өтті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қалада «Жастар жылы» болып жарияланғанын айтты. Жастар өмірін терең зерттеу барысында нақтылы ресурс көздеріне негізделген әрі нақтылы шараларды қамтыған алғашқы «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасы» қабылданды.«Біз қашанда жастар- Қазақстанның болашағы, елімізді дамытудың қозғаушы күші деп айтамыз. Тәуелсіздігіміздің ерен жетістіктері, Елбасы еңбегінің жемісі жастардың қолында. Сондықтан Мемлекет басшысы өз сая…