Мазмұнға өту
Ownthought

Mrs. Math

@Ownthought

Сайтта 2016 ж. 7 қаңтарКазахстан, Алматы

..

рейтинг

100

жазбалар

8

пікірлер

11

тіркелуші

3

жазылымдар

2

Жанайқайы (Тараз қаласындағы көліктің терезесінен лақтырылып, туа сала өлім құшқан сəбидің монологы)

Келдім. Кеттім. Мен сендерге не жаздым, Анашым-ай, осыншалық неге аздың, Жатырыңнан сəл кеңірек көліктен, Басқа əлемді көрсетпедің неге аз күн?! Анашым-ай, Құлақ салшы, құрсағыңда бүрлегем, Шаранаңмын бір күн өмір сүрмеген. Сыртқы əлемнің салқындығын сезуші ем, Бірақ мұнша суықтығын білмегем. Сен жылытар деп ем тəнім мұздаса, (Алдандың ғой, жұрт сөкпес ед сізді аса) Кім емеді айтшы соны, анашым, Сүтке толып, ақ мамаңыз сыздаса?! Əділдік пе туа сала өлмегім, Маған неге сұлу есім бермедің, Шілдехана жасамады əкем де Атамның да түрін неге көрмедім?! Əжетайым, Жанды ауыртып,кіндігімді жұлмалап, Құтылуға асықтың-ау жылдам-ақ. Бесігіме бөлеп қойсаң мен сенің, Мазаңды да алмас ем ғой іңгəлап. Болар ем ғой, қолғанатың, ермегің, Əзірейілім боп шықтың ғой сен менің. Əжетай-ау, əлдилегің келмесе, Ба…

7
1
4254