Білім мен іскерлік биігіне самғатар мінсіз таңдау
Біз өмірдің әр сәтінде түрлі таңдаулар жасаймыз және олардың сәтті, мінсіз болуы аса маңызды. Ойланып басылған әр қадам - адамдардың болашағының жарқын болып, биік шыңдарды бағындыруына үлесін қосары сөссіз. Мен әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің табалдырығын аттаған кезімде - өмірімдегі сол сәтті қадамдардың бірін жасағанымды түсіндім. Іргетасы сонау 1934 жылы қаланған бұл білім ордасының ғылым жолын қуған жандарға берері мол. Оқудың алғашқы күні, өзім таңдап түскен, «Филология және әлем тілдері» факультетінің «Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасының ұжымы аса қонақжайлылықпен қарсы алып, жол сілтеді. Тарихы тереңде жатқан бұл факультеттің негізін М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, М. Балақаев сынды еліміздің асыл тұлғалары қалаған. Факультет аталған ұлы тұлғ…