Малайсары — (Поэма) үзінді
Қарамерген Басына құт береке аялдамай, Бұл қырды қырсық шалған Талай-талай. Дегізген «жеті жұттың бәрі – бізде» Қазаққа қырын келген замандар-ай. Өткен ед сол жылы да нәубат бастан, Жұт жайлап, Тігер тұяқ қырылды аштан. Жарымай ішер асқа отырғанда, Жау қолы жеті жақтан келіп басқан. Аяусыз сар далада қырғын салған, Қиылған қыршынан үзілді арман. Тұяғы жау атының жетпеген ел, Қашпақ боп, Жан ұшырып жүгін салған. Солардың бірі, міне, сайды өрлеп, Келеді көбі жаяу шаршап-терлеп. Ішінде бір қарт кісі жан-жағына Келеді көзін тігіп өте сергек. Кенет ол жарқ-жұрқ еткен әлденені Байқап қап, секем алып, ойға шомған. Құс емес шағылысқан қару сынды, Байламға тұяқ тіреп, ойын нақтап. Ешкімге сырын ашпай, Келініне Аппақ: – Сен, қарғам, көшті алға бастай бергін, Келем мен аман қалсам, Алла сақтап, – Де…

