Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23%-дан астам төмендеді
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23,1%-ға төмендеді (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін). ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып (Төтенше жағдайлар комитеті) транспорттық медицина құрылған болатын. Бұл – санитарлық авиация, трассадағы медициналық-құтқару пункттері болып табылады. Санитарлық авиация қызметі 5 жылдың ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыңнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыңнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.…