Қаңтар трагедиясы билікті басып алу әрекеті болды – Е.Қошанов
Бұл «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап болды. Отырыс Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз сөзінде депутаттарға Қаңтар оқиғасының билікті басып алудың мұқияқжоспарланған әрекеті екенін анық дәлелдейтін фактілер ұсынылғанын атап өтті.Ал оны ұйымдастырушылар халықты көзсіз қолданып, бейбіт митингілерді пайдаланып кетті.- Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ Президентіміздің ерік-жігерінің, халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, қатардағы полицейлердің, дәрігерлердің, еріктілердің ерлігі арқылы біз мемлекеттігімізді қорғап, бейберекетсіздікке жол бермедік, – деді Ерлан Қошанов.Мәжіліс төрағасы Қаңтар оқиғасы туралы ақпаратты қасақана бұрмалауға мү…
