Нарық заңы мен тілдік саясат
Осыдан жиырма жыл бұрын орыс тілі әлемде қолданушылығы жағынан ағылшын тілінен кейінгі екінші орындағы тіл еді. Ал қазір 5 орынға сырғып кетті. Ағылшын тілі өзінің функционалдылығын жоғалта қоймады. Қазақстан да орыс тілінің әлемде құдіреті өтіп тұрған уақытында қостілділікті қостай білді (шынын айту қажет, бұл қостілділік емес, әлдеқайда диглоссияға жақын еді), ал қазір үштілділік үлгіге (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) өтіп кетті. Бұл тек Қазақстанға ғана тән емес, бүкіл әлемге тән құбылыс әрі әлемдік тілдік тенденция еді. Алайда ұлттық сана сезімін идеология ете алған елдер бұл құбылысқа берілмей отыр, соның өзінде де әлемдік бағыт пен жаппай жаһандану тілдік саясатқа әсер етпей отырмады, бұл мемлекеттердің де әлемдік құбылысқа санасуына тура келді. Бүгінгі әлемдік тілдік саясатта…