«Жаныңда жүр жақсы адам»
Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып, қастерлеген. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иелерін сыйлап, «өнер алды – қызыл тіл» деп бағалаймыз. Өнер адамдарын ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал етеді. Осындай жаны жайсаң азаматтардың бірі – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», өнертану докторы Арыстанбек Мұхамедиұлы. 1963 жылы 11 ақпанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген Арыстанбек Мұхамедиұлы 1981 жылы А.Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектебін аяқтап, 1986 жылы Қазақ Ұлттық консерваториясы…