Әбдіғаппардың сайлау алды әрекеттері
Әбдіғаппардың сайлау алды әрекеттері2011 жылдың желтоқсанның соңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының оқу бөлімінің бастығы Мүсірәлиев Әбдіғаппар қарамағындағы барлық аудандық мектептің директорларын жабық түрде жинап алып, жасырын жиналыс өткізді. Өз жиналысында барлық мектеп басшыларына кімге дауыс беру керектігін бұйрық түрінде баса айтып, сол туралы мәліметті әр мектеп басшыларынан тілхат түрінде, жазбаша түрде алды. Тек бір ғана азамат, Орталық мектеп директоры, Макен Қырықбаев бұл шараға қарсы шығып, тілхат жазып берген жоқ. Ол өз кезегінде өз құқығын білетін азамат екенін көрсетті. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 2-бабына сәйкес: Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. Ал 3-бап 3-тармағы…