Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Паралимпиада саңлақтары

Қазақстанның паралимпиада спортшыларының өмірі жайлы бүгінгі "Нүкте" бағдарламасы баяндайды.

Қазақстан спортшыларының соңғы жылдардағы табысы қуантарлық деңгейде. Төртжылдықтың басты додасы келген сайын, бірнеше алтынның ел қоржынына түсетінін біз білеміз. Бұл спортқа мемлекеттік деңгейде көрсетіліп жатқан қолдаудың жемісі. Бірақ... мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістігімен қаншалықты мақтана аламыз.

Олардың әлеуметтік жағдайы қандай? Спорттық бабына енуі үшін қаншалықты жағдай жасалған?  Неге паралимпиадалық спорт түрлерінен өтетін додаларда көш соңында қалып қоямыз? Неге жеңіске жеткен жекелеген спортшыларды үлгі тұтпаймыз?

Жалпы, біздің елге «мүмкіндігі шектеулі жандардың» спорты керек пе? Бағдарламаның осы санында көкейіңіздегі сауалдарға жауап аласыз.  Нүкте ток-шоуы «мүмкіндігі шектеулі» екі спортшының жан айқайын халыққа жеткізгісі келді. Студияның кейіпкері де - солар. Бірі, жиырма жаста болса да, отырып ойнайтын волейболдан халықаралық жарыстарға қатыса бастаған жас талант - Серік Есматов. Екіншісі, Қазақстан ішіндегі жарыстарда жауырыны жерге тимеген есту қабілеті төмен түйе балуан - Қайратхан Шоңқу.  Екеуінің де айтары бар, екеуінің де арманы бар, жолын кедергілер кес-кестейді.

Шығармашылық топ әзірлеген екі сюжет бей-жай қалтырмайды. Онда қазақтың қос  спортшысының жұпыны тірлігі мен әлеуметтік жағдайы ашып көрсетілген.  Студияда спорт журналистері, қоғам қайраткерлері, паралимпиадалық комитеттің мүшелері, қарапайым жанкүйерлер мен олимпиада чемпиондары бас қосты. Қызу тартыстың қорытындысы қандай, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың ертеңі қандай болмақ?

Жауабын білгіңіз келсе, бүгін 19:00-де «Нүкте» ток-шоуын қараңыз!

0
0
458

Осы тақырып бойынша

Паралимпиада саңлақтары - Yvision.kz